Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Дархан Сатыбалды көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Дархан Сатыбалды көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
11 октября, 2022
in Басты жаңалықтар, Билік
0
0
SHARES
23
VIEWS

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары мен  жүлдегерлерін қабылдады. Дүбірлі додада ел намысын қораған жүлдегерлердің жеңісін жоғары бағалаған аймақ басшысы оңтүстік өңірінің спортшыларына қаржылай сертификат пен облыс құрама командасының бірыңғай формасын табыстады.

–  Сіздер Түркістан облысының ғана емес, күллі Қазақ елінің атын шығарып жүрсіздер. Көкпардан бірінші орын алғандарыңызды естіп, еңсеміз көтеріліп қалды. Жеңіс құтты болсын! Жалпы бұрын қазақтың өмір салтының өзі спортқа негізделген ғой. Ат спорты, жекпе-жек түрлерінен мықты спортшыларымыз көп. Жамбы атудан жүлде алған бауырымыздың да жетістігі қуантады. Өте қиын спорт түрінен екі медаль еншілеп отыр.  Ұлттық спортты ұлықтаған барша жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Жуырда ғана қазақ даласын дүбірге бөлеген «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде де Түркістан облысының спортшылары  3-орынды иемденді. Біз спорт саласын әрдайым қолдаймыз. Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Түркістан облысында өткізуге ұсыныс беріп жатырмыз. Байрақты бәсекелерді қабылдау арқылы елдің абыройы көтеріледі, – деген Дархан Сатыбалды жаттықтырушылар мен спортшылардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдады.

Көшпенділер ойындарында көкпар спорты бойынша Қазақстан құрама командасы 1-орынды жеңіп алған болатын. Құрама сапында Арман Жамалбеков,  Абылайхан Нышанбеков, Дәулет Айтан және Әділет Мамыт сынды Түркістан облысының  4 спортшысы жеңісті сәтті жақындатуға еселі үлес қосты.  Ал Ералхан Айкөз жамбы атудың түрік стилі бойынша «қабақ» атудан – екінші орын, «табла» атудан үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, көшпенділер ойынына әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан. Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі спорт түрлерінен бақ сынады.

Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шиелі ауданында әр гектардан 55 центнер өнім жиналды

Келесі жаңалық

Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

Республика күніне орай эссе жазудан байқау жарияланды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz