4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлеумет

Бір жылда Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

“2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды”, – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7 пайыз) Өзбекстаннан, 10,4 пайыз – Қытайдан, 8,8 пайыз – Түрікменстаннан, 2,6 пайыз – Моңғолиядан және 9,5 пайыз басқа елдерден қоныс аударғаны айылды.

Келген этникалық қазақтар негізінен мына өңірлерге қоныстанған:

  • Алматы облысы – 31,1 пайыз;
  • Маңғыстау облысы – 18,8 пайыз;
  • Түркістан облысы – 10,3 пайыз;
  • Жамбыл облысы – 6,2 пайыз;
  • Алматы – 6 пайыз;
  • Нұр-Сұлтан – 6,9 пайыз;
  • Шымкент – 7,9 пайыз.

Вндомсвто мәліметінше, биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8 пайыз және зейнеткерлер саны 14 пайыз.

“Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4 пайызы жоғары білімді, 40,3 пайызы орта кәсіби білімді, 46,6 пайызы жалпы орта білімді және 1,7 пайызның білімі жоқ”, – делінген хабарлмада.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *