Бір аптада елімізде 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді

Шымкентте 11 жастағы қыз абайсызда Бадам өзені үстіндегі құбырдан құлап кеткен. Жүзуді білмейтін жеткіншек суға батып, жантәсілім етті, деп хабарлайды turkistanzaman ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында болған. Оқиға орнына қалалық ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. «Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына тапсырды»,- делінген хабарламада.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *