Көпшілікке танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан өмірден озды. Бұл туралы журналистің әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.
Амангелді Муатқанұлы Сейітханов – 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1991-1994 жылдары “Спорт” газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан “Қазақстан ТРК”-ның “Тұғыр” бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары. “Құмсағат” бағдарламасының спорт акпараттар продюсері. 1997 жылдан “Хабар” агенттігінде жұмыс істеді. Футболдан “Франция-98” Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).
«Тurkistan Media Holding» ЖШС ұжымы Амангелді Муатханұлының отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.