Батыста жантүршігерлік жол апаты болды

БҚО-да жол талғамайтын көлік ВАЗ-2110 жеңіл көлігіне соқтығысып, аударылып қалды. Жол апатынан екі адам зардап шеккен

Оқиға 3 маусымға қараған түні Ақсай қаласындағы Әуезов көшесі бойында болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 34 жастағы ер адам тізгіндеген Toyota Land Cruiser мен ВАЗ-2110 көлігі соқтығысқан. Соққыдан жол талғамайтын көлік аударылып, жеңіл көлік іске жарамсыз болып қалған.

Жол апатынан екі адам зардап шеккен. ВАЗ-2110 көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Жол апатына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *