4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН
Қазақстан

«Басы жарылып, есінен танған». Елордада футболшылар төбелесті (ВИДЕО)

Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында жаппай төбелес болды, салдарынан бір ойыншы басынан соққы алып, есінен танып қалды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

AFL (Astana Fytbol Ligasy) ресми сайтындағы видео мен ақпаратқа қарағанда, бұл 11 қыркүйекте SanSet пен “Барыс” арасындағы матчта болған. Ойын “Жазғы біріншілік – 2 – 2021” турнирінің төртінші лигасы аясында өткен.

“Барыс” барлық ойында 0:5 есебімен жеңілген, SanSet-ке қарсы матчте де сондай нәтиже тіркелген.

Аталған оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

“11 қыркүйек күні Тұран даңғылындағы “Сайран Арена” футбол алаңында “San Set” және “Барыс” әуесқой футбол клубы арасында жоспарланған матч өтті. Ойын барысында футболшылар арасында жанжал туындаған.

Орын алған оқиғаға қатысты полицияға хабарлама келіп түскен соң, жанжалға қатыстылар “Есіл” аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кінәлілерге қатысты әкімшілік іс қозғалды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалалық ПД-нің мәліметінше, іс сотқа жөнелтілді. Және жанжалға қатыстылармен профилактикалық әңгіме өткізілді.

 

https://youtu.be/4Y2U-HTWM-8

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *