4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

АҚШ Украинаға 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлді

АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Украинаға тағы да 1 миллиард доллар көлемінде әскери көмек бөлетінін жариялады, деп хабарлайды turkistanzaman inbusiness.kz.

Пентагонның мәлімдемесі бойынша, әскери көмек Украинаның қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарастырылған.

Жаңа әскери пакетте HIMARS реактивті зымыран жүйелері мен NASAMS жылжымалы зениттік зымыран жүйелеріне арналған оқ-дәрілер, 20 шақты 120 мм миномет кешені мен олардың снарядтары, 155 мм калибрлі 75 мың артиллериялық снаряд, танкке қарсы 1 мың Javelin кешені, 50 брондалған медициналық автомобиль, Claymore миналары бар.

Осылайша, Джо Байден әкімшілігінің Киевке бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі шамамен 9,8 миллиард долларға жетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *