Бүгін таңертең Атырауда қайғылы жағдай болды. Атырау облысының Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 4 тамыз күнгі сағат 10.46-да «Ардагер» ТК-нің 17-қабатында жеделсаты желісін жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сол мезетте жеделсаты 15 қабаттан 1 қабатқа құлаған. Оқиға орнында «Лифт Инвест» ЖШС-нің екі қызметкері болған. Қайғылы жағдай салдарынан 40 жастағы ер адам қайтыс болып, 34 жастағы ер адам ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.
Related Posts
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің мемлекет басшылары қатысады. Ол Каспий теңізі жағалауындағы…
Қытайдың үш автокөлік бренді Қазақстанда зауыт ашуға ниетті
Hyundai Қазақстанда зауыт ашқысы келетін Қытайдың үш автокөлік брендімен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек…
Екі мың шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Түркістан облысында 2021 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 79%-дан 87%-ға арттыру…