4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Қазақстан

Ата-анасының рұқсаты болмаса, балаларға вакцина салмаймыз – ДСМ

ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева “балаларға басқа екпе ретінде коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатыр” деген қауесетті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айнагүл Қуатбаеваның сөзінше, бүгінде мектептерде вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ.

“Расында әлеуметтік желілерде сондай ақпарат тарап кеткен. Бізге хабарласып жатқан ата-аналар да бар. Бірақ бір құтыда, бір шприцтегі коронавирус пен тұмауға қарсы вакцинаны әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Елімізде 18 жасқа толмаған балаларға вакцина тек ата-анасының рұқсатымен салынады. Ата-анадан қажет мәлімет беріліп, қолхат алынады. Егер мектеп қандай да болсын екпе салынатын болса, жиналыс өткізіледі. Ал жалпы бүгінде мектеп аясында вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ”, – деді Айнагүл Қуатбаева ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, Айнагүл Қуатбаева Қазақстанға балаларға арналған вакцина келген жағдайдың өзінде де ол тек ата-анасының рұқсатымен салынатынын атап өтті.

“Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тарапынан 12-18 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат беріліп отырған вакцина – Pfizer. Егер мемлекетке вакцина келген жағдайда белгілі механизм ұйымдастырылып, халыққа алдын ала хабарланады. Сондықтан алдын ала дүрлігіп, тексерілмеген мәліметке сүйенетін адамдарға айтарымыз сол”, – деді Айнагүл Қуатбаева.

Айта кетейік, 2021 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 6 928 646 адам вакцинаның I компонентін салдырған, ал II компонентін 5 755 817 адам алған.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *