4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады
Мәдениет

Астанада Абай мұрасын ұлықтаған екі ғылыми еңбек таныстырылды

Бүгін Астанада «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті.

Шараны, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Іс-шараға белгілі әдебиеттанушылар мен ғалымдар, шетелдік дипломатия өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Ағылшын тілінде Түркияның астанасы Анкарада жарық көрген «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» ұжымдық монографиясы – шетелдік қауымға қазақтың бас ақыны Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды мақсат еткен өз жанрындағы баламасыз ғылыми басылым. Кітапта отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып-өскен ортасы мен өмірі, ұлт зиялыларына ықпалы, әдеби мұрасы мен мектебі, шығармаларының қолжазбасы мен тілдік ерекшеліктері, діни көзқарасы мен тарихи дүниетанымы, философиясы мен данышпандығы, абайтану саласындағы өзге де өзекті мәселелер жан-жақты қамтылыпты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *