4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Арыста инвестор есебінен мектеп құрылысы басталды

Арыс қаласының іргесіндегі Онтам елді мекеніне жеке кәсіпкер 150 орындық мектеп салып жатыр. Құрылыс нысаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.

Мектеп іргетасын қалау рәсіміне Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен мәслихат хатшысы Амантай Байтанаев және ауыл ақсақалдары қатысты.⠀

⠀«Президентіміз күні кеше ғана халыққа арнаған Жолдауында «мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн» деп атап өткен болатын. Мінекей, біз бүгін Онтам ауылында ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген мектеп мәселесін түпкілікті шешуге бірқадам жақындай түстік. Жеке кәсіпкер Клара Нұрманованың өз қаражаты есебінен 150 орындық мектеп салып беру бастамасын қолдап, қуаттап, әкімшілік тарапынан жер мен өзге де құжаттандыру мәселесіне қатысты түйіндерді жедел шештік. Ел игілігі жолында осылайша ынтымақтаса еңбек етсек ісіміз ілгерілейтіні сөзсіз», – дейді қала әкімі Гүлжан Мамытқызы.⠀

2,5 гектар шамасындағы аумақты алып жатқан мектеп маңында спорт алаңы да салынатын болады. Жергілікті 50 азаматты жұмыспен қамтитын құрылыс нысаны 2023 жылда аяқтау жоспарланған. Десек те, мердігер компания нысанды алдағы оқу жылында толық бітіріп, пайдалануға беруді көздеп отыр.⠀

Айта кетейік, бүгінгі таңда Отам ауылында «Ынтымақ» атындағы шағын жинақты бастауыш мектеп қана бар. Ол жерде 1-4 сынып аралығындағы 50 бала білім алады. Ал 5-11 сынып аралығындағы 42 бала Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы мектепке тасымалданады.

Жалпы алғанда ауыл тұрғындарының саны 500-ге жуық болса, оның 105-і мектеп жасындағы балалар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *