4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Өзекті мәселе

Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті

Алакөлде 4 демалыс орны өртеніп, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

“Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен күшімен 5 шілдеде сағат 05.40-та өрт сөндірілді. Өрт 3000 шаршы метрге жайылды. 4 демалыс орны өрттен зардап шекті.

Медициналық көмекке жүгінген 7 адам тексерістен кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеді”, – деді ТЖД.

Өрт орнына әкімдіктерден, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, Полиция департаментінен, Тарбағатай ұлттық паркінен және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *