Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
23 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Түркістан облысында жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды шаралар атқарылуда. Биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның ішінде, 83554 орын, яғни 63 пайызы тұрақты жұмыстардың үлесінде. Өңірде 6 айда 66069 азаматты жұмыспен қамту көзделіп, осы күнге дейін 56 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде, 22 380 азамат – тұрақты, 33 619 азамат субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына орналасты. Жалпы, жұмыспен қамтылғандардың ішінде 20 526 адам немесе 36,7 пайызы – жұмысшы мамандық иелері. Халықты жұмыспен қамту туралы шаралар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде талқыланды.
Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жұмысты жүйелі жалғастыруды, бекітілген индикаторларды тиісті деңгейде орындауды тапсырды.
– Біздің басты мақсатымыз – өңір экономикасын көтерумен қатар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Облыстағы орта арнаулы білім беру ұйымдарында еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтар үлесін арттыру қажет. Ең бірінші кезекте біз қажетті жұмысшы мамандықтарын дайындауымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіңіздер. Қосымша инвестицияларды тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етіңіздер. Еңбек адамының имиджін көтеру үшін маңызды іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.
Жиында халықты жұмыспен қамту шаралары және жаңа жұмыс орындарын құру туралы Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, ел Президентімен бекітілген ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жоба арқылы 4 074 жұмыс орнын ашу көзделіп, 6 айда 1708 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда 184 жоба аясында 1 653 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 97% орындалды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке инвестициялық жобалардың тізбесі әзірленді. Биыл 125 жеке инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 2004 жұмыс орнын ашу көзделуде. Оның ішінде, 1050 орын – тұрақты, ал 954-і – уақытша. Нақтырақ айтқанда, кәсіпкерлік саласында 48 жоба арқылы – 651, агроөнеркәсіп саласында 67 жоба арқылы – 1 195, туризм саласында 10 жоба арқылы 158 жұмыс орны ашылмақ. 6 айдың жоспарымен 401 орын ашу көзделсе, қазіргі уақытта 76 жоба жүзеге асып, 900-ге жуық жұмыс орны құрылды. Қалған 49 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.
«10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға 22 595 жаңа жұмыс орнын құру межеленіп, жыл басынан бері 3374 орын ашылды. Сондай-ақ уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 32 465 адамды жолдау жоспарланған. Бүгінгі таңға 21 мыңға жуық азамат жұмысқа орналасып, тиісті кезеңнің жоспары 88,4% орындалды. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 1 793 мемлекеттік қайтарымсыз грант беру көзделген. Бірінші лек бойынша 862 азамат комиссияның оң қорытындысын алды. Алдағы уақытта мониторинг жұмыстары жүргізіліп, грант алушылардың қаржыны мақсатты пайдалануы қатаң бақылауда болады. Одан бөлек, жеке инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру индикаторы бойынша биыл 2004 адамды қамту жоспарланып, бүгінгі күнге 898 адам жұмысқа орналасты.
Жыл басынан бері 45 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аясында 937 жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынып, 1 829 адам жұмысқа орнаоласты.
Жиында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылған жұмыстар туралы Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова есеп берді. Облыста жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру және еңбек нарығына қажетті білікті кадрлар даярлау бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыстағы 50 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (колледждерде) 75 мамандықпен, оның ішінде 43-і жұмысшы мамандықпен 45 530 студент еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша білім алуда. Оларда дуальді оқыту, модульдік білім беру бағдарламалары енгізілген. 2025-2026 жылдарына колледж студенттеріне 15 500 грант, оның ішінде жұмысшы мамандықтарға 9600 грант бөлінді. 2024-2025 оқу жылында 35 колледжде 171 кәсіпорынмен қамқорлыққа алу бойынша келісімшарт түзілді. Жыл соңына дейін қамқорлыққа қатысатын кәсіпорындар санын 200 дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде: тіл бірлігі – ел бірлігі
Басты жаңалықтар

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде: тіл бірлігі – ел бірлігі

26 августа, 2025
Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның басты байлығы

25 августа, 2025
Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты
Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025
БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН
Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде: тіл бірлігі – ел бірлігі

26 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның басты байлығы

25 августа, 2025

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

saqnews.kz
20 августа, 2025
0

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

saqnews.kz
22 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz