Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

«ЖЕТІСАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
16 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS
Жетісай ауданында өңір кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында Асықата кентінен 59 гектар жер аумағына «Жетісай» индустриалды аймағы құрылған болатын. Қазіргі таңда индустриалды аймақты инфрақұрылыммен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған аумақта биыл жалпы құны 33 млрд теңгеге 11 жобаны қолға алу жоспарланған. Нәтижесінде 1 870 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, 4 жоба мақұлданып, инвесторлар құрылыс жұмыстарын бастаған. Бұл жайында Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Өңірде құрылған индустриалды аймақ ауданымыздың экономикасына өзіндік оң әсерін береріне сенім мол. Қазіргі таңда аумақта «ТST Zhetysai Group» ЖШС-і мақта өңдеу зауыты мен жіп иіру фабрикасының құрылысын бастады. Сондай-ақ, «Агро сүт» сүт өңдеу зауыты, «Бирлик — Е» мақта өңдеу , «Аltyn Kun Group» полиэтилен қалдықтарын, су үнемдеу жабдықтарын өндіру зауыттары бой көтеруде. Айта кетейік, 2024 жылы ауданда құны 4,3 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 262 жаңа жұмыс орны құрылған болатын» — деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, аудан әкімі биылғы жылдың І тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі 27,4 млрд теңгеге жеткенін жеткізді. Жалпы 2025 жылы бұл көрсеткішті 190,1 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. 2024 жылдың қорытындысында аудандағы өңірлік өнім көлемі 184,1 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 10 млрд теңгеге артығымен орындалған. Сондай-ақ, аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2024 жылы 18,4 млрд теңгеге жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 3,6 млрд теңгеге артқан. Биыл аталған көрсеткішті 21,2 млрд теңгеге жеткізу көзделіп, І тоқсанда өнеркәсіп өнім көлемі 4,6 млрд теңгені құрап отыр. Ауданның негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі де жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 43,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге артығымен орындалған. Биылғы жылы да бұл көрсеткішті арттыра түсу көзделіп отыр.
Аудан экономикасының басым бөлігін ауыл шаруашылығы саласы құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында 10 мыңға жуық шаруа қожалығы қызмет атқарады. Бүгінгі күнге 79,2 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Биыл 1,2 мың гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп, 40 мың тоннадан астам өнім жинақталған. Қазіргі таңда диқандар қауын, қарбыз өнімін жинауды бастаған. Өнімнің басым бөлігі Ресей, Белоруссия, Қырғыз елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жолдануда. Жалпы ауданда өнім көлемін ұлғайту мақсатында 321 шаруа қожалық иелері 1,2 мың гектар жерден екі рет өнім алу жобасын іске асыруда.
Өңір инфрақұрылымын жақсартуда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы пайдасын тигізуде. Бағдарлама аясында 2024 жылы 15 елді мекенде 15 жобаны іске асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржылар елді мекендерді газдандыруға, жолдарды жөндеуге, мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған. Нәтижесінде қазіргі таңда аудандағы елді мекендердің табиғи газбен қамту көрсеткіші 81,9%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 86,6%-ға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын ауызсумен қамту көрсеткіші 100%-ға жеткенін мәлімдеді Серік Үсенұлы.
Алдыңғы жаңалық

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙДА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚР АШЫҚ КУБОГЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

6 августа, 2025
Келесі жаңалық
ЖЕТІСАЙДА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚР АШЫҚ КУБОГЫ ӨТТІ

ЖЕТІСАЙДА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ҚР АШЫҚ КУБОГЫ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

saqnews.kz
6 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz