ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

Бүгін жерлесіміз, ұзақ жылдар аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған Әліпов Бақтыбай Қиянбекұлы аудандық кітапханаға арнайы соғып, ауданымыздың 60 жылдығына орай аудан әкімінің бастамасымен өтіп жатқан
«60 жылдыққа – 60 кітап» акциясын қолдайтынын айтып, аудандық кітапхана қорына өз атынан 100 дана кітап сыйға тартты.
Өз кезегінде ардагер мемлекеттік қызмет жолындағы жүріп өткен жолдарына шолу жасап, ауданның әл-ауқатының артып, дамып келе жатқандығын атап өтті.
Іс-шарада болған аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен кітапхана қызметкерлері кітапхана қорына кітаптар тарту еткен Бақтыбай Қиянбекұлына алғыс айтып, ыстық лебіздерін білдірді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *