Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
12 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
29
VIEWS
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Маңызды кешенге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100% — ға толық орындалған.
✔️Жоба құны 8 500 млн. теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.
✔️Аймақ басшысы ірі қара мал сою алаңына барып, ондағы ет пен қанды өңдеу цехының жұмыс жүйесімен танысты. Жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті.
✔️Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген. Кәсіпорында қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғалар қолданылады. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратып, арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген.
✔️Одан кейін облыс басшысы Сайрам ауданына қарасты Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» ЖШС тарапынан салынған құрама жем өңдеу зауытының жұмысын қадағалады. Аралау барысында зауыттың басшысы Сырым Ертаев аймақ басшысына шикізат сынамасын зерттеуге арналған лабараторияның жұмыс жүйесімен таныстырды. Арнайы инновациялық технологияны қолдану арқылы бой көтерген нысанның құрылысы толық бақыланды.
✔️Өңдеу зауытының жобалық құны 2 231,0 млн. теңгені құрады. Жоба аясында мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Нысан сағатына 20 тонна жем өңдеуге қауқарлы. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы 7,25 гектар аумақты құрайтын алаң жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған.
✔️Айта кетейік, осыған дейін Түркия мемлекетімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде зауытқа арнайы қондырғылар жеткізілген-ді. Нысан биыл толық іске қосылып, тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

САЙРАМДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
САЙРАМДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

САЙРАМДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz