«ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ НЕГІЗІ — САЛТ-ДӘСТҮР»: ШАРДАРАДА ТАНЫМДЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Шардара аудандық орталық кітапханасының оқу залында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық мәдениеттің негізі — салт-дәстүр» тақырыбында танымдық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу, ата-баба мұрасын ұлықтап, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Танымдық кешке кітапхана оқырмандары, жастар мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі ерекше орын алатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер кеңінен насихатталды. Іс-шара барысында арнайы дайындалған слайд-презентация арқылы ұлттық мәдениеттің мазмұны мен тәрбиелік мәні тереңінен ашылып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат ұсынылды.

Мәдениет пен салт-дәстүр күні. Бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасын, тілі мен өнерін, ұлттық болмысын бағалап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге арналған атаулы күн. Іс-шарада осы тарихи-мәдени сабақтастық ерекше атап өтіліп, ұлттық құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы маңызы жайлы ой-пікірлер ортаға салынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық мәдениет — тек өткеннің айнасы ғана емес, ол бүгінгі ұрпақтың бағыт-бағдары, ертеңгі болашағының негізі. Сол себепті салт-дәстүрлерімізді сақтау, дәріптеу және ұрпаққа жеткізу — әрбір азаматтың рухани борышы.

Іс-шара қорытындысында оқырмандар ұлттық мәдениетке қатысты таным көкжиегін кеңейтіп, өз пікірлерін ортаға салып, мазмұнды кештен мол әсер алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *