Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

“ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ” АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

“ҰЛТТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ” АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
21 мая, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
8
VIEWS
Бүгін Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұйытқысы – Қазақ аналары» атты аудандық форум өтті.
Іс-шара «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Одан кейін ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін «Ұлттық киім – ұлттың бейнесі» атты ұлттық киімдер шеруі өтті. Форумның мазмұнды жалғасы ретінде Абай алаңында орналасқан «Құрақ өрнектері – 60» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрме Шардара ауданының 60 жылдығына орайластырылып, «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қолөнершеберлері әзірлеген алпыс метрлік құрақ көрпені таныстырды.
Шараның негізгі бөлімі Шардара аудандық мәдениет сарайында өтті. Ауқымды іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы Туребеков, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Ботакөз Тағайқызы Мошқалова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Інәйұлы Ілесов, Шардара аудандық филиалының төрайымы Бибігүл Тасқұлқызы Көшекеева, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Асылханқажы Қасымұлы Данияров, сондай-ақ ауданның ақ жаулықты аналары, әлеуметтік, білім және мәдениет саласының өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысты.
Форум барысында Б.Көшекеева баяндама жасап, бірлестіктің мақсат-міндеттері мен жетістіктері туралы баяндады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Б.Туребеков құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда ерекше белсенділік танытқан аналарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, ішкі саясат бөлімінің теологы А.Данияров және «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Ж.Муталиева қатысушыларға жүрекжарды тілектерін білдірді.
Форум барысында Ботакөз Тағайқызы Мошқалова мазмұнды баяндама жасап, ұлттық құндылықтарды насихаттауда ерекше белсенділік танытқан ардагерлер мен аналарға алғыс хаттар табыс етті.
Іс-шара аясында «Ақмарал Дауылбай» дизайнерлік сән үйінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлттың бейнесі» атты сән көрсетілімі өтті. Қазақ аналарының ұлттық киім үлгілері көрермендер назарына ұсынылып, көпшіліктің жоғары бағасын алды.
Жиын соңында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мерекелік концерт ұсынып, форумға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл шара – қазақ аналарының қоғамдағы рөлін дәріптеу мен ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды. Форум Шардара жұртшылығының рухани өміріне серпін беріп, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтты.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

СОЗАҚТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz