Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

«ҮКАША АТА» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ  АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
16 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
25
VIEWS

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғауға және тарихи-мәдени нысандардың тазалығын сақтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі – «Киелі мекен» айдары шеңберінде ұйымдастырылған «Үкаша ата» кесенесінің аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау шарасы.

Бұл іс-шара табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға, жастарды отансүйгіштік пен туған жерге деген жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Киелі мекендердің тазалығы – тек экологиялық мәселе емес, ол – ұрпаққа қалдырылар тарихи және рухани мұраны сақтау міндеті.

Ауқымды тазалық жұмыстарына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, шараға белсенді араласты. Ол тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарын жүргізіп, халықты табиғат пен тарихи нысандарды көздің қарашығындай қорғауға үндеді. Әкім өз сөзінде:
«Біз киелі мекендерді абаттандыру арқылы тарихымызды жаңғыртамыз, ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Бұл – әр азаматтың парызы», – деп атап өтті.

«Үкаша ата» кесенесінің маңындағы тазалық жұмыстары барысында жалпы көлемі 90 гектар аумақ қамтылды. Қураған шөптер мен бейберекет өсіп кеткен ағаштар ретке келтірілді. Сонымен қатар, 100 метрге жуық бұлақ көзі аршылып, ауызсу алатын құдық маңы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Бұл табиғи-тарихи аумақтың эстетикалық келбетін жақсартуға әрі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға сеп болды.

Тазалық шарасына ауданға қарасты ауылдық округтерден келген 100-ге жуық ерікті тұрғын мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Олар арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, белгіленген учаскелерде бірлескен жұмыс жүргізді. Бұл аумақтың көріктенуіне үлес қосып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық сана мен қоғамдық жауапкершілікті нығайтты.

Бүгінде Сауран ауданы бойынша 53 тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген. Аталған нысандардың барлығы кезең-кезеңімен санитарлық тазалаудан өткізіліп, инфрақұрылымы жақсартылуда. Бұл бағытта аудан әкімдігі тарапынан кешенді жоспар жасақталып, жүйелі жұмыстар жалғасуда.

Жергілікті тұрғындардың белсенділігі мен мемлекеттік құрылымдардың үйлесімді жұмысының арқасында «Таза Қазақстан» акциясы нақты нәтижелер беруде. Игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, аудан аумағындағы өзге де тарихи орындарда тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасатын болады.

Аудан басшылығы барлық тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғи және тарихи мұраларды қадірлеуге, сондай-ақ мұндай қоғамдық шараларға белсенді қатысуға шақырады. Өйткені әрбір азаматтың экологиялық мәдениеті – елдің болашағына қосқан үлесі.

Алдыңғы жаңалық

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 18 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙМЕН 3 ІРІ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙМЕН 3 ІРІ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙМЕН 3 ІРІ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

Елімізде тұңғыш донорлық жүрек трансплантациясына 10 жыл болды

Елімізде тұңғыш донорлық жүрек трансплантациясына 10 жыл болды

9 августа, 2022
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz