Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛЫП, ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛЫП, ҚОЛӨНЕРШІЛЕРДІҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
26 сентября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
8
VIEWS
Дүниежүзілік туризм күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласының рухани-мәдени орталығында орналасқан Қолөнершілер қалашығының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл орталық жалпы түркі елдерінің қолөнершілерінің ошағына айналмақ. Биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Осыған орай Түркістанда «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Халықаралық фестивальге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей елдерінен 100-ге жуық қолөнерші келді. Ал еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық қолөнер шебері қатысуда. World Craft Council халықаралық ұйымының құрметті елшісі Азиз Муртазаев арнайы келіп, World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен қабылданған шешім бойынша Түркістан қаласына «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі куәлігін табыстады.
▪️Бірегей нысанның ашылу рәсімінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, қолдау көрсеткен мәртебелі қонақтарға алғысын жеткізді.
📌– Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» арнайы Заңға қол қойды. Қабылданған Заңда қолөнер саласындағы шеберлерге мемлекеттік қолдау шаралары күшейтіліп, жергілікті қолөнершілердің кәсібін дамытуға жол ашылды. Ұлттық дәстүрді қолдау мақсатында Қолөнер қалашығының құрылысын жүргіздік. Бүгін «Turkistan World Craft Fest» халықаралық фестиваліне арнайы жиналған әлем шеберлері ерекше орталықтың жұмысына жаңаша серпін береді деп сенеміз. Биыл Түркістанға «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи шаһар ежелден қолөнер мен сауда орталығы болған. Қазіргі таңда облысымызда 130-дан астам шебер еңбек етуде. Кешенде ұлттық қолөнердің сан түрлі бағыттары тоғысып, өңірімізге келетін туристер үшін жаңа мәдени орталыққа айналады. Қалашық тек сауда-саттық орны ғана емес. Бұл – шеберлердің тәжірибе алмасатын, жаңа туындыларын ұсынатын, жастарды өнерге үйрететін үлкен орталық. Ең бастысы, ол халқымыздың тарихын, дәстүрін айқындайтын, мәдениетімізді әлемге танытатын бірегей алаң. Туристер үшін жергілікті туындылар әрдайым қызығушылық туғызуда. Бүгінгі қуанышты оқиға Түркістанның туристік әлеуетін көтереді. Қолөнершілер қалашығы Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтады. Жаңа орталық елге қызмет етіп, Түркістанды таныта берсін! – деді Нұралхан Көшеров.
▪️Облыс басшысы мен қонақтар Қолөнершілер қалашығындағы киіз, жүн түту және тоқыма, керамика, ағаш және былғары тері, кілем тоқу және басқұрлар шеберханаларын аралап, халықаралық және отандық қолөнер шеберлерінің жұмысымен танысты. Сонымен қатар Шығыс базарында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесін тамашалап, шеберлердің жұмысын жоғары бағалады.
▪️Салтанатты шара аясында 100 керамика шебері біз мезгілде құмыра жасады. Қолөнер бұйымдарының көрмелері, шеберлік сағаттары, ұлттық киімдер мен бұйымдар жәрмеңкесі, мәдени-танымдық және концерттік бағдарламалар көпшілік назарына ұсынылды. «Fashion» этно сән үлгісінің көрсетілімі өтті. Танымал әншілер әуезді әндерді шырқады.
▪️Бұл бірегей кешен – ұлттық қолөнерді жаңғырту, туризмді дамыту және шеберлерге қолдау көрсету мақсатында жүзеге асқан маңызды жоба.
▪️Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. 20 шеберхана, көрме залдары, 2 шоурум, мейрамхана, қонақүй және туристік инфрақұрылымы бар қалашық 2,5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда шеберлер ұлттық нақыштағы бұйымдарын жасап, көпшілікке ұсынып қана қоймай, тежірибе алмасады. Ерекше кешен жеке инвестиция есебінен салынған.
▪️Айта кетейік, облыста туризм 3 бағытта дамуда. Тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмінің белсенділігі арта түсуде. Биыл облысқа келуші туристер саны көбейді. 6 айда өңірге 1 миллионнан астам саяхатшы мен қонақтар келген. Ал, шетелдік туристердің саны 23 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артқан. Облысқа келуші шетелдік туристер бойынша ТОП-5 мемлекет қатарында Өзбекстан, Ресей, Қытай, Түркия, Қырғызстан бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

«ТҮРКІСТАН ҚОЛӨНЕР МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗІМНІҢ БОЛАШАҒЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ҚҰРМЕТ» АРДАГЕРЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

7 октября, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz