Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ТҮРКІСТАНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
saqnews.kzsaqnews.kz
1 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
10
VIEWS
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте облыс аумағында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары мен өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды.
– Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын күшейту керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер бар. Егілген көшеттердің сапасын қадағалау қажет. Бұл ретте жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдері арасында жүйелі байланыс орнатылуы тиіс. Әрбір әкімдік өкілдері қажетті көшетті тұқымбақтан өздері қадағалап, уақтылы алып кетсін. Көшетті арнайы қағидаға сәйкес отырғызып, сумен қамту, желден қорғау жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Барлық аудан, қалада өз тұқымбақтары болуы қажет. Осы бағытта тұқымбақ орналасатын жерді анықтап, нақты жұмыс жүргізіңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.
Жиналыста Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, биыл облыстың аудан, қалаларына жалпы 1 миллионан астам көшет егу жоспарланып отыр. Көктем айларында 439 965 түп көшет егілді. Одан бөлек аудан, қала әкімдіктерінің бюджеті және демеушілер есебінен 69874 түп көшет алынып, жалпы көктемгі маусымда 510 мың түпке жуық көшет отырғызылған. Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн көшет отырғызу іс-шарасына сәйкес, 801 елді мекеннің 90% көгалдандыруға 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған.
Облыс бойынша аудан, қала аумақтарында 2024 жылдың күзі және 2025 жылдың көктемінде отырғызылған көшеттердің жалпы өнімділігі 63,5 пайызды құрайды. Арыс, Түркістан қалалары, Созақ, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарынан көшеттердің өнімділігі жоғары және сапалы. Ал Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Жетісай аудандарында берілген көшеттер дер кезінде алынып, отырғызу жұмыстары жүйелі жүргізілмеген. Қоршау және суару жұмыстары нашар деңгейде, көшеттердің өнімділіктері төмен. Кентау қаласы және Мақтарал, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төле би аудандарында басқармаға қарасты мекемелерден алынған көшеттерге тиісті күтіп-баптау жұмыстары дұрыс жолға қойылмаған.
Арыс қаласында көгалдандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі күнге 50-60% елді мекендерді өздері өндірген көшеттермен қамтамасыз етуде. Талапқа сәйкес суару жүйелері, қажетті техникалық құралдарымен және арнайы цехтармен қамтамасыз етілген. Суаруға күндізгі және түнгі ауысымдар арқылы кезекшіліктер ұйымдастырылған. Күтіп-баптау жұмыстары жақсы деңгейде. Осы тәжірибені барлық аудан, қалада енгізу бойынша тапсырма берілді.
Мәжілісте аймақтағы қоқыс полигондарын реттеу мәселесі де талқыланды. Жауапты тұлғалардың есептері мен пікірлері тыңдалды. Бүгінде облыс аумағында 128 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон орны белгіленген. Оның 70%-ы санитарлық-экологиялық нормаға сәйкес келмейтіні анықталған. Қолданыстағы полигондарды санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру мақсатында 16 жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2024 жылы 3 полигонның құрылысына облыстық бюджеттен 598 млн. теңге қаржы бөлінді. «Қазақстан Ғарыш Сапарының» түсірілімі нәтижесінде бей-берекет қоқыс тасталған 107 нүкте (8 ауданда) анықталып, 81-і жойылған. Қоқысты өңдеу, полигондарды реттеу бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТІН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАҒАЖАЙЛАР МЕН ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ТАЗАЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz