Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
9 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
2
VIEWS

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңір жұртшылығымен кездесті. Жиынға зиялы қауым мен ардагерлер кеңесінің өкілдері, дін қызметкерлері, аудан-қала әкімдері, Полиция департаментінің мамандары және белсенді жастар қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы жан-жақты талқыланып, онда көрсетілген басым бағыттарды іске асыру тетіктері сөз болды.

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев өз сөзінде Жолдауда белгіленген міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла орындаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллектті енгізу, білім мен ғылымды дамыту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру секілді стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азамат атсалысуы қажет. Бұл бастамалар еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әділетті және тиімді мемлекет құруға жол ашатыны жеткізілді.

Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жүргізіп, сапардың өңір жастары мен қоғам өкілдері үшін маңыздылығына тоқталды.

– Сіздің бұл сапарыңыз Жолдау бағыттарын терең түсінуге зор мүмкіндік береді. Онда еліміздің жаңа технологиялық даму кезеңіне арналған цифрлық трансформация, жасанды интеллектті енгізу, білім және ғылым әлеуетін арттыру, мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер қамтылған. Бұл бастамаларды іске асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді Зұлпыхар Жолдасов.

Басқосу барысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов Жолдаудағы бастамалардың ел болашағы үшін стратегиялық мәні бар екенін атап өтті. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов әлеуметтік даму бағытындағы міндеттерге тоқталып, аға буын әрдайым жастарға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасында берілген тапсырмалар аясында Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Данияр Жүсіпов ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Облыс жастары да Жолдауда белгіленген міндеттерді орындауға белсенді қатысып келеді. Осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев есеп берді.

Жиын соңында қоғам өкілдері бірқатар маңызды ұсыныстарын ортаға салып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

9 декабря, 2025
КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

9 декабря, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 40 ЕЛДІ МЕКЕН ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТАҒЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

9 декабря, 2025

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

9 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

9 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

saqnews.kz
2 декабря, 2025
0

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

saqnews.kz
2 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz