Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Білім

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАСҚАРУ ИНТЕНСИВІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАСҚАРУ ИНТЕНСИВІ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
25 ноября, 2025
in Білім, Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Түркістан қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудегі көшбасшы бағдары» тақырыбындағы өңірлік басқару интенсиві өтті. Іс-шараға Түркістан облысындағы орта білім беру ұйымдарының 800-ге жуық мектеп директоры қатысты.

Ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орынов және Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Толқын Айдосова білім сапасына тұрақты қолдау көрсету, өзгерістерді тиімді басқару және мектеп басшылығындағы жаңа көзқарастың маңызын атап өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың педагог мәртебесі мен кәсібилігіне қатысты айтқан маңызды ұстанымдарын еске сала отырып:

«Облыста білім сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қолға алынған “Мектеп менеджменті: басқару аспектілері мен әдістері” курсы – осы маңызды миссияны жүзеге асырудағы елеулі қадам. 762 мектеп басшысы бұл курста тиімді басқарудың жаңа тәсілдерін меңгерді», – деді.

Интенсив барысында педагог-тренер Ескендір Бестай нәтижелі басшылықтың қырларын талдады. Түлкібас ауданындағы Н.Жандарбеков атындағы мектептің директоры Гүлжан Әмірбекова өз басқарушылық тәжірибесін ұсынса, Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдын Түсіпжанов тұрақты даму жолындағы бірлескен жұмыс пен ортақ құндылықтардың маңызын атап өтті.

Бағдарламада стратегиялық жоспарлау, кадрлық менеджмент, кәсіби мәдениет, шешім қабылдау, цифрлық басқару, тиімді серіктестік, ресурстарды тиімді пайдалану, қауіпсіз ортаны қалыптастыру және жоба менеджменті сияқты негізгі бағыттар қамтылды. Шеберлік сағаттары мен кейс-сессияларда мектеп директорлары тәжірибе алмасып, басқарудағы тиімді тәсілдерді талқылады.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» жобасы Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының кадр резервін дамытуға және олардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының жалғасы болып табылады. 2023 жылдан бастап Орталық «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа буын білім беру көшбасшыларын даярлап келеді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ КОМПАНИЯЛАРЫН ӨҢІРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz