Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН
saqnews.kzsaqnews.kz
14 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS
Түркістанда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының басшылары мен өкілдері, әкім орынбасарлары, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізді.
Жиында жұмысшы орган ретінде Облыстық білім басқармасы тарапынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі атқарылған жұмыстарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова баяндады. Ал облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ермек Өсербаев кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың арасындағы ерте жүктілік және өзін-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мадина Ережепқызы мәлімдеді. Облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева отбасын қолдау орталықтарының қызметін цифрландыру және құрылған мобильдік топтарының жұмыстарын жетілдіру туралы ақпаратпен бөлісті.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жұмысшы топтар құрылған. Оған барлық аудан, қалалардың полиция тірек пункттерінің басшылары, білім бөлімінің басшылары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері және облыстық уәкіл мен өкілдері енгізіліп, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары бұл бағыттағы мәселелердің алдын алу бойынша тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бала өміріне, біліміне, құқығына жауапты әрбір мекеме өз ісіне мұқият болуы керектігін айтып, балалар құқығы бойынша жалған мәлімет беретін жауапты басшыларға қатаң шара көрілетіндігін ескертті.
– Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының бастамасымен білім саласына, балаларды жан-жақты дамытуға тиісті қолдау көрсетілуде. Баланың қауіпсіздігіне жауапты мекемелер, басшылар, қызметшілер өз міндеттерін мүлтіксіз орындаулары керек. Жазғы демалыста бақылауды, жұмысты күшейтіңіздер. Әр мектептегі қиын балалар, отбасылар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілсін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Сонымен қатар полиция бөлімінде есепте тұрған, өгей әке, өгей шешелермен тұратын «Жайсыз отбасы» есебіне алынған отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға профилактикалық жұмыстар жүргізу, мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру мәселелері қозғалды.
Айта кетейік, Түркістан облысында өңір басшысы кәмелеттік жасқа толмағандарды қолдау, құқығын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Өңірде 17 Отбасын қолдау орталығы ашылды. Үкімет тапсырмасына сәйкес «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» мекемесі құрылып, штаттық бірлігі 49,5-ке ұлғайтылды. Орталық ашылғалы бері 1 300 ата-анамен, 1 700 педагогпен және қиын жағдайға тап болған 130 баламен консультация өткізіліп, тиісті көмек берілді. Бүгінде облыста 1797 педагог-психолог бар. Өңірдің мектептеріндегі бала санына сәйкес 86 педагог-психологтың қажеттілігі анықталып, жаңа оқу жылынан бастап енгізу жөнінде тапсырма берілді.
Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 1 327 педагог-психолог, 2 514 мектептегі тәрбиеге жауапты маман және 17 аудандағы әдіскерлер біліктілігін арттырған. 5-11 сыныптардың 259 588 оқушысынан психо-эмоционалдық жай-күйлерін, мазалап жүрген мәселелерін анықтау үшін анонимді әдісімен сауалнама алынып, көмекке мұқтаждарымен тиісті жұмыстар жүргізілген. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша 1143 білім беру мекемесінің көрінетін орындарына 111 QR коды (кіреберістерде, сыныптарда, дәретхана, хол т.б) орналастырылып, қиын жағдайға тап болған кез-келген оқушы психологиялық жәрдем алуда. Осы жұмыстар нәтижесінде облыста 2024 жылы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі 8-ге төмендесе, балалар қылмысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда салыстырғанда соңғы 4 айда 44-тен 35-ке төмендеген. Ерте жүктілік деректері де азайған. Балалардың қауіпсіздігін қорғау, жан-жақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІН ОРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН АПТАЛЫҚ ІС-ШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ

18 июня, 2025
АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ
Басты жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ ЕЛ ДАМУЫНА СҮБЕЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕР АЗАМАТПЕН КЕЗДЕСТІ

18 июня, 2025
ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Басты жаңалықтар

ЖЕРЛЕСІМІЗ АУДАНДЫҚ КІТАП ҚОРЫНА 100 КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ

18 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «АНА МЕН БАЛА» ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

18 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ПРЕЗИДЕНТ ЕКІНШІ «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ

18 июня, 2025

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРГЕ ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

18 июня, 2025

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТА БЕЙІМДЕУГЕ КҮШ САЛЫНАДЫ

18 июня, 2025

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

18 июня, 2025

ТӨЛЕБИДЕ ЖЫЛЫНА 90 МЫҢ ДАНА ЖҰМЫС КИІМІН ДАЙЫНДАЙТЫН ТІГІН ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

18 июня, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН  МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН  МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

saqnews.kz
14 июня, 2025
0

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІІ ФОРУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АРАСЫНДА 7 МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

saqnews.kz
18 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz