Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» ІТ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ «WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN» ІТ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ
saqnews.kzsaqnews.kz
25 сентября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS
Возможно, это изображение 15 человек и текст
Түркістан қаласында ІТ мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» жоғарғы оқу орны салтанатты түрде ашылды. Оқу ордасының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ Ик, «Woosong Education Foundation» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Ким Сон Кёнг арнайы қатысып, көпшілікті университеттің ашылуымен құттықтады.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ел дамуында маңызды рөл атқаратын игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша серіктестерге алғыс білдірді.
Возможно, это изображение 7 человек и текст
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде, 1,5 жыл бұрын Түркістан облысы әкімдігі мен Корея Республикасының «Woosong» білім беру қоры арасында жаңа университет ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Ал, бүгінгі сәт – жаңа оқу орнының ашылуы ғана емес, халықаралық серіктестікке негізделген сапалы білім берудің бетбұрыс кезеңі. Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты биылғы Жолдауында аталғандай, еліміз толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды көздеп отыр. Түркістанда ашылып отырған шетелдік университет дәл осы Президентіміз белгілеген стратегиялық бағыттың нақты іске асуының айқын дәлелі. Ерекше мәртебеге ие болған қасиетті Түркістанды білім мен ғылымның орталығына айналдыру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Бүгінгі салтанатты іс-шара – сол мақсаттың айқын дәлелі. Студенттерге ғылыммен айналысып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер ашылды. Баршаңызды «Woosong University Kazakhstan» университетінің ресми ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! – деген Нұралхан Оралбайұлы оқу ордасынан білікті мамандар шығатынына сенім білдірді.
Мәртебелі меймандар мен іс-шараға қатысушылар универсиетті аралап, оқу бөлмелерімен танысты. Студенттермен кездесті. Мұнда студенттерге барлық жағдай жасалған. Арнайы оқу құралдары және жабдықтармен қамтылған.
Возможно, это изображение 12 человек и текст
Қонақтар «Тілектер кітабына» ізгі ниеттерін жазып, қол қойды. Тарихи сәттің құрметіне көпшілік назарына облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды. Сонымен қатар Корей елінен келген студенттер мен Түркістан жастары бірге би композициясын орындады.
Түркістан облысы әкімдігі әрдайым жастарды қолдауға, сапалы білім мен ғылымға баса назар аударып келеді. Осы мақсатта облыс әкімдігі тарапынан университетке 100 грант бөлініп, олардың басым бөлігі өңір жастарына берілді. Білім ордасының 2000 студентке дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Қысқа мерзім ішінде ашылған бұл жаңа оқу орнына республика бойынша үлкен қызығушылық байқалып отыр. Биыл осы университетте білім алуға Түркістан облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан 400-ге жуық талапкер құжат тапсырған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды

Келесі жаңалық

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

5000-дай адам жұмыс таппай жүр

24 сентября, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz