Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІЛЕРДІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ЕШКІЛЕРДІҢ  КӨРМЕСІ ӨТТІ
saqnews.kzsaqnews.kz
15 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
18
VIEWS
Түркістан қаласында алғаш рет Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілердің республикалық көрмесі өтті. Ерекше бастама Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Сексек ата» шаруалары ұйымдастырды. Көрмеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар, ветеринария саласының өкілдері мен қонақтар арнайы келді.
Көрменің мақсаты — елімізде асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамыту, халықты экологиялық таза өніммен таныстыру, ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын насихаттау, шаруашылықтар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Бұған дейін халықаралық деңгейде өткізілген көрме ел ішінде сұранысқа ие болған. Тіпті көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан азаматтары қызығушылық білдіріп, тікелей эфир арқылы тамашалады.
Сондай-ақ, көрмеде ешкі сүтінен жасалған құрт, ірімшік, айран, көже және йогурт өнімдері ұсынылды. Ұйымдастыру топтың жетекшісі Амантай Жолдыбайұлының айтуынша, бұл өнімдердің адам денсаулығына пайдасы мол. Халыққа экологиялық таза өнімді тұтынуға шақырды. Ешкі сүтінің құрамында иммуноглобулиндер де бар және ежелден бері туберкулез сияқты көптеген ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады.
Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби сынды шетелден әкелінген, селекциялы және ең танымал тұқымдары көрсетілді. Шараға жалпы саны 200-ге жуық асыл тұқымды мал басы қатысты. Тіркеуден соң ешкілерден сынамалар алынды. Атап айтқанда, сырт пішіндері бағаланды. Бойлары мен салмақтары өлшенді. Сүтінің майлылығы мен құнарлығы зерделеніп, етті бағыты да ескерілді. Қазылар алқасы жеке-жеке ұпай қойып, әділ түрде ең ерекше ешкі түрін анықтауға атсалысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ең мол сүт беретін асыл тұқымды ешкі түрін баптаған Түркістан өңірі, экстерьері бойынша Шымкент қаласы, ең ауыр салмақ негізінде Жамбыл облысы үздік атанды. Жалпы жүлде қоры — 3,5 млн теңге. Бұдан бөлек, номинация иелеріне қосымша кубоктар және 300 мың теңгеге дейінгі бағалы сыйлықтар үлестірілді. «Сауыншылар», «Асылдандыру», «Ең керемет сүт өнімдері» номинация иелері олжасыз қалмады. Сонымен қатар, лақтар сайысы мен сауыншылар жарысы көптің назарын аударды. Іс-шараны үйлестіруге үлес қосқан сала ардагерлеріне Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының төсбелгісі табысталды. Тың форматта ұйымдастырылған көрмеге 350-дей адам келіп, тамашалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАСТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АЯСЫНДА 18 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА  СЕНБІЛІККЕ 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 800-ДЕН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz