Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН – ЖЫЛЫЖАЙ АГРОБАЗАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

ТҮРКІСТАН – ЖЫЛЫЖАЙ АГРОБАЗАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ
saqnews.kzsaqnews.kz
26 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
12
VIEWS
Түркістан облысында заманауи кешенді жылыжай жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Жоба аясында аграрлық өндіріс, білім, туризм және ғылым тоғысқан көпфункциялы база құрылады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚХР-ң мемлекеттік компаниясының Қазақстандағы филиалының бас директоры Янь Цзе мырзаның кездесуі аясында ауыл шаруашылығындағы стратегиялық ынтымақтастық, инновациялық жылыжай өндірісін дамыту және өңірлік инвестициялық серіктестік мәселелері талқыланды.
✔️Инновациялық жылыжай моделі – агроэкономиканың жаңа кезеңі. Жоба негізінде Түркістан облысында жылыжай кешені, агротехникалық өндіріс және ғылыми-тәжірибелік алаң құрылмақ. Нақтырақ айтқанда, индустриялық аймақта болат құрылымдарын өндіретін зауыт, бірнеше автоматтандырылған жылыжай кешені, сапалы көкөніс өсіру алаңы және агротуризм бағыты қатар дамиды.
✔️Бұған қоса, жергілікті білім ордаларымен бірлескен ғылыми-тәжірибелік орталық ашу жоспарланған. Мұнда студенттер мен ғалымдар жылыжай жағдайында зерттеулер жүргізіп, өнім сапасын арттыруға арналған жаңа әдістерді сынақтан өткізеді. Ғылыми нәтижелер негізінде жеке қосалқы шаруашылықтарға бейімделген технологиялар дайындалып, жергілікті тұрғындарға қосымша табыс көзі ретінде ұсынылады. Ал агротуризм бағыты аясында келушілерге өз қолымен көкөніс теріп, ұлттық тағамдар әзірленетін ашық алаңда уақыт өткізу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл бағыт Түркістанның туристік әлеуетін агроөнеркәсіппен ұштастыратын жаңа формат ретінде бағалануда.
✔️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кездесуде өңірдің инвестициялық артықшылықтарын ерекше атап өтті. Түркістанда дайын инфрақұрылымы бар индустриялық аймақтар мен «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді.
– Осыған дейін Хэйлунцзян провинциясының вице-губернаторы Чжан Цисян мырза бастаған делегацияның Түркістан облысына сапары барысында өзіңізбен кездескен болатынбыз. Бүгінгі кездесуіміз нақты жоспарлар бойынша пікір алмасу үшін тиімді алаң деп білемін. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде жылыжайда көкөніс өсіру бағыттары елімізде жетекші орын алады. Ауар-райы қолайлы, еңбекқор халқымызбен мақнатамыз. Біз өндіріс көлемін ұлғайтумен қатар, өнімнің сапасын жетілдіруге және технологиялық даму деңгейін арттыруға баса мән беріп отырмыз. Осы мақсатта заманауи агротехнологияларды енгізу, тамшылатып суару жүйелерін кеңінен қолдану, жылыжайларды автоматтандыру, сондай-ақ логистика мен экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Біздің облыста бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үлкен әлеует бар, оларды іске асыруға қазақстандық және қытайлық компаниялар тартылуы мүмкін. Өз тарапымыздан толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, — деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркістан облысында жүзеге асырылатын кешенді жылыжай жобасы – тек ауыл шаруашылығы емес, ғылым, білім, туризм және кәсіпкерлік бағыттарын біріктіретін ауқымды бастама. Бұл өңірдің экономикалық әртараптануына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, ал отандық агросектордың технологиялық жаңғыруына серпін бермек. Түркістан облысы өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын.
✔️Қазіргі таңда Түркістан облысы республика бойынша жылыжай өндірісінің көшбасшысы саналады. Еліміздегі жылыжайлардың басым бөлігі осы өңірде шоғырланған. 1 289 жылыжайдың жалпы көлемі – 713 гектар, олардың басым бөлігі көкөніс өсіруге бағытталған. Былтыр облыста 83 931 тонна көкөніс өндірілді.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУҒА ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты
Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025
БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН
Басты жаңалықтар

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025
Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025
Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан
Басты жаңалықтар

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Ауыл шаруашылығы санағына 390 мың респондент қатысты

22 августа, 2025

БӘРІМІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ – БІР ҚАЗАҚСТАН

22 августа, 2025

Қазақстандағы ұлттар арасындағы татулық пен бірлік

21 августа, 2025

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

20 августа, 2025

Бірлік пен ынтымақтастық – Қазақстанның Тірегі

19 августа, 2025

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

18 августа, 2025

КЕЛЕС АУДАНЫ АБАЙ АУЫЛЫ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 августа, 2025

Елдесу және татуласу – бейбіт өмірдің кепілі 🤝

16 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «БЕС НӘРСЕДЕН ҚАШЫҚ БОЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

15 августа, 2025
Келесі жаңалық
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНЫП, ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

Түркістан облысында халықтар достығы мен бірлігін нығайтуға басымдық берілуде

saqnews.kz
18 августа, 2025
0

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

saqnews.kz
20 августа, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz