Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері

Түркістан туристік әлеуетін арттырмақ: нысандарды реставрациялау, кешкі экскурсиялар және жаңа әуе рейстері
saqnews.kzsaqnews.kz
25 сентября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
14
VIEWS
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ерекше назар аударылды.
Ермек Көшербаев реставрациялық жұмыстармен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде және оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
«Күлтөбе» археологиялық қалашығында Премьер-министрдің орынбасары нысанды тарихи сәулетке сай жарықтандыруды және кешкі экскурсиялар ұйымдастыруды тапсырды.
«Түркістан — бұл тек рухани орталық емес, сонымен қатар заманауи туризмнің маңызды орталығы. Біздің мақсатымыз — бірегей тарихи ескерткіштерді сақтай отырып, келушілерге сол дәуірдің атмосферасын сезінуге жағдай жасау», — деді Ермек Көшербаев.
Сапар барысында өңірдің көлік қатынасына да ерекше көңіл бөлінді. Вице-премьер лоукостерлерді тарта отырып, әуе рейстерінің географиясын кеңейтудің маңызын атап өтті.
«Әуе қатынасын дамыту – туристер ағынына тікелей әсер етеді. Қолжетімді рейстер Түркістанды Қазақстан халқы мен шетелдік қонақтар үшін одан әрі жақын ете түседі», — деді Премьер-министрдің орынбасары.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өңірде тарихи нысандарды абаттандыру жұмыстары жалғасып жатқанын баяндады.
«Бүгінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы көне Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. 2025 жылы өңір инфрақұрылымын жақсарту аясында 11,3 млрд теңгеге 6 жоба жүзеге асырылады. Олардың қатарында туристік нысандарға апаратын жолдарды реконструкциялау мен Сауран қалашығына дейін айналма алаң салу жұмыстары бар. Жалпы, тарихи-мәдени мұраны реставрациялау және сақтау – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.
Бұл ретте Қостанайдан келген турист Қаниза Залиева өз әсерімен бөлісті.
«Қызымның ұсынысымен Түркістанға келдік. Бізді бұл жердің ерекше атмосферасы таңғалдырды. Мұнда тірі тарихты сезінесің, сонымен қатар заманауи қызмет, тазалық пен жайлылық бар. Туристерге деген қамқорлық анық байқалады. Мұндай мекеннің елімізде бар екеніне қуаныштымын», – деді ол.
Бүгінде Түркістан облысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қосқанда 1700-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш тіркелген. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 430 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Ал 2025 жылдың сегіз айында Түркістан облысына 859 мың адам сапарлап келген. Олардың 736 мыңы – тарихи орындарды, ал 123 мыңы – табиғи парктер мен қорықтарды тамашалаған.
Туризмнің дамуы инвестиция көлемінің артуына да себеп болып отыр. 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында салаға 65,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Өңірде қазіргі уақытта туристік инфрақұрылымды дамыту және саяхатшыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну мақсатында жалпы құны 49,4 млрд теңгені құрайтын 47 жоба жүзеге асырылуда.
Алдыңғы жаңалық

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРІЛЕДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

5000-дай адам жұмыс таппай жүр

24 сентября, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz