Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
12 августа, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
10
VIEWS
☑️Түркістан облысы Шардара ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан аумағындағы бас су торабында туындаған мәселелер дер кезінде шешіліп, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Осы мақсатта арнайы штаб құрылып, салаға жауапты мамандардың қатысуымен нақты шаралар жүзеге асырылуда.
☑️Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет Шардара ауданындағы су нысандарын аралап, қаладағы бас су торабының жұмысын қадағалады. Шардара су қоймасында орналасқан Қызылқұм магистралдында және «Арнасай» су бөгетінде болды. Су тапшылығын жою бағытында сала мамандарымен кеңесіп, жауапты тұлғаларға аталған мәселе бойынша үздіксіз жұмыс істеуді тапсырды.
☑️Қуаттылығы тәулігіне 9 000 м³ болатын бас су торабында бүгінде 6 520 абонент тіркелген. Су торабы 4,19 гектар аумақта орналасқан және тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. «Шардара сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты бұл су торабы 1983 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда келіп құятын су арнайы тазартылып, тұтынушыларға жеткізіледі.
☑️Қазіргі таңда су торабына қосымша сорғы орнатылып, диаметрі 200 мм болатын полиэтилен құбыры іске қосылды. Тұрғындарға су тасымалдау жұмыстары жүйеленіп, арнайы понтон жеткізіліп, насостар орнатылды. Сонымен қатар 10 су тасымалдаушы көлік пен 28 дана су ыдысы жеткізілді.
☑️Сапар барысында өңір басшысы Шардара қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығынан 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан «Тама-Тастанбек» жерасты су қоры учаскесіндегі «Шардара топтық су құбыры» жобасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандар мен мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
☑️Аталған жобаның құрылысы биылғы жылдың ақпан айында басталған. Топтық су құбырының жалпы ұзындығы 39,28 шақырымды құрайды. Қуаттылығы тәулігіне 12 000 текше метрге жетеді. Қазіргі таңда ұзындығы 13 шақырым болатын екі су құбыры тартылып, 26 дана су реттегіш камера орнатылған. Сонымен қатар диаметрі 500 мм болатын екі магистральды құбыр салынып, әрқайсысының сыйымдылығы 3600 м³ болатын екі су жинағыш резервуар орнатылды. Жоба аясында жалпы саны сегіз ұңғыма іске қосылған.
☑️Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда қаладағы 32 мыңға жуық тұрғын толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Құбырдың тәуліктік қуаттылығы – 12 000 м³, ал жобаның жалпы құны – 4,5 млрд теңге.
☑️Айта кетейік, 2008-2009 жылдары Шардара-Байырқұм жерасты су кен орнына қайта барлау жұмыстары жүргізіліп, су қоры ресми түрде бекітілген болатын. Жоба аясында Шардара қаласы мен оған іргелес 22 елді мекендегі ауыз су мәселесін толық шешу жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz