Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
21 мая, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024-2025 жылдары Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Қазіргі таңда өңірде 17 орталық жұмыс істеп тұр.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен аталған орталықтардың қызметін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша мәжіліс өтті. Жиынға жауапты басқарма өкілдері мен орталықтардың директорлары қатысты. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсеткіштер туралы баяндады. Оның мәлімдеуінше, хаттамалық тапсырма негізінде орталықтардың жұмысына, нысандардың жағдайына және штаттық құрылымдарына зерделеу жүргізілген. Нәтижесінде, орталықтарды жеке ғимаратпен қамту, материалдық-техникалық базасын жасақтау, интернетке қолжетімділігін арттыра отырып, штаттық құрылымдарын ең төменгі штаттық нормативтерге сәйкестендіру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен тікелей байланыста болатын мамандардың біліктілігін жетілдіру қажеттілігі анықталды.
Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тиісті қолдаулар тұрақты көрсетілуі маңызды екенін айтып, жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
— Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен рухани дамуының іргетасы. Бұл – жеке тұлғаның алғашқы тәрбиесі қалыптасатын, адами құндылықтар мен ұлттық болмыстың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ең маңызды әлеуметтік ортасы. Сондықтан, түрлі құқықбұзушылықтар мен зорлық-зомбылық, ерте жастағы жүктілік сынды келеңсіз жайттардың алдын алу үшін осы салаға ерекше көңіл бөлу маңызды. Осы тұста, жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Әр аймақтағы қылмыс көрсеткіші жоғары нүктелерді белгілеп, жұмыс картасына енгізіңіздер. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық қолдаулар тұрақты көрсетілуі керек. Оларды жұмыспен қамтуды да назарға алыңыздар. Бұл облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауындағы басты мәселелердің бірі екенін еске саламын, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
 Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астам отбасы бар. Оның ішінде Д және Е санатында 127 мыңнан астамы немесе 25,1% тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына не 13,4%-ға төмендеген. Ақпараттық жүйе арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға болады. Өңірдегі мобильдік топ арқылы мұндай отбасыларға қатысты деректерді өзектендіру бойынша методикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл қиын жағдайға тап болған тұрғындардың ахуалы мен әлеуметтік мәселесін ерте анықтау үшін FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда орталықтарды тіркеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, орталықтардың негізгі функциясы – отбасы саясатын жүзеге асыру, неке мен отбасын сақтау,тұрмыстық, гендерлік зорлық-зомбылықтардың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЮДЖЕТТІК ТӘРТІП ПЕН АШЫҚТЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЮДЖЕТТІК ТӘРТІП ПЕН АШЫҚТЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

25 июля, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

25 июля, 2025
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

23 июля, 2025
Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы өткізген қылмыстық топ әшкереленді

22 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН: «АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ОРЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҚАРСЫ РЕЙД ӨТТІ

22 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ӨЗІНДІК КІРІСТЕР КӨЛЕМІ АРТҚАН

21 июля, 2025

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

17 июля, 2025

Биіктіктегі батырлар — өнеркәсіптік альпинистер

16 июля, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕТІСАЙ ЖӘНЕ МАҚТААРАЛ АУДАНДАРЫНДА 74 587 ГА ЕГІС АЛҚАБЫ СУАРЫЛДЫ

saqnews.kz
25 июля, 2025
0

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОҢ БАҒАЛАДЫ

saqnews.kz
23 июля, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz