Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІНІҢ ЖАҢА ДӘУІРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
saqnews.kzsaqnews.kz
25 апреля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
5
VIEWS
 Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылады. Қазақстанда теңдесі жоқ инвестициялық жоба аясында 4 мақта өңдеу зауыты мен толыққанды тоқыма кешені іске қосылады. Атап айтқанда, егіс алқабынан бастап иіру өндірісі, мата шығару мен бояу, өңдеу және дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақта өсіріледі. Бұл ірі жоба – тоқыма саласындағы тәуелсіздікке, экономикалық тұрақтылық пен технологияда көшбасшылыққа жетелейтін маңызды стратегиялық қадам. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен қатар,ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына мол үлес қосады. Экологиялық бағытта да тиімді тәсіл саналады.
 «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (SPK Turkistan) және «Алтын дала мақта» ЖШС 2024 жылы Отырар ауданында толыққанды тоқыма кешенін салуды қолға алды. Қазіргі таңда жеке шикізат базасын, ұлттық тоқыма өнеркәсібінқалыптастыруда. Жобаның артықшылығы — шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық берілуінде.Салаға қажет технологиялар, оның ішінде тамшылатып суару жүйелері импортқа тәуелді болмай аталған кешенде өндіріледі.
 Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 140 миллиард теңгеден асады. 4 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
 Жобаның өндірістік қуаттылығы:
Мақта өңдеу – жылына 180 000 тонна;
Мата – 45 миллион погон метр;
Үйге арналған тоқыма бұйымдары – 7 миллион дана.
 Бастамаға кеңесші ретінде қытайлық «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» ЖШС тартылған.Компания тоқыма және тігін өнеркәсібі секторы бойынша нарықта 20 жылдық тәжірибесі бар Қытайдағы ірі кәсіпорын. Әлемге танымал брендтермен тікелей жұмыс істейді. Бүгіндеөндіріс орнының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар тамшылатып суару жүйелері орнатылып, біршама аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымы себілді.
 Кластерлік тәсіл – барлық өндірістік тізбекті бір алаңда біріктіретін тиімді модель.Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және технологияның бірлігінен туындайтын синергия. Шығындарды азайту, сапаны жақсарту мен жаһандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында екі зауыт салынады.
 Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Аграрлық әлеуетті ілгерілетуге бағытталған мұндай баламасы жоқ жобалар тұтас ел экономикасына әсер етіп, жаңа даму нүктесіне айналдырады.
Алдыңғы жаңалық

ТӨЛЕБИДЕГІ БАЛМҰЗДАҚ ЗАУЫТЫНДА 170-КЕ ЖУЫҚ ӨНІМ ТҮРІ ДАЙЫНДАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025
Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz