Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11,3 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11,3 МЫҢ ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
13 мая, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдің даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер әзірленіп, бекітілген. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға бекітілген көрсеткішерді тұрақты бақылауда ұстап, орындалуын қамтамасыз ету жүктелген. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын саралап, аудан-қала әкімдері орынбасарларының қатысуымен мәжіліс өткізді. Онда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды.
«Жол картасына» сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласында 29 жобаны іске асыру жоспарланған. 4 айдың қорытындысымен Шардара ауданында 2 инвестициялық жоба, Байдібек аудында 1 жоба және Жетісай ауданында 1 жоба іске асқан. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына және тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестиция тарту жұмыстары Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Кентау және Арыс қалаларында кенжелеп тұрғаны айтылды.
Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын ендіру жыл басынан бері 11,3 мың гектарды құрады. Сондай-ақ, биыл 4,5 мың гектарды жаңбырлатып суғару әдісіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі – ағын су шығынын 2 есеге кемітіп, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясы жұмыс күшінің үлесін азайтады. Нұрбол Тұрашбеков бұл бағыттағы жұмысты ширатуды, көзделген межені бағындыруға күш салуды тапсырды.
Жер қатынастары басқарма басшылығы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша түзілген жоспардың орындалуын баяндап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда Созақ, Келес аудандары мен Арыс қаласында жоспар жүзеге асқан. Өзге аудан-қалаларда жұмыс жалғасуда.
Ветеринария саласынадғы жұмыстар баяндалды. Мәжіліс барысында Мақтаарал және Ордабасы ауданы әкімдерінің орынбасарларына «Беккари» шұңқыры мен мал шомылдыратын орын құрылыстарының 1-шілдеге дейін аяқталуын қадағалау тапсырылды.
Балық шаруашылығын дамытуда Түркістан облысы жасанды жолмен балық өсіру бойынша Республикада көш бастап тұр. 2025 жылдың 4 айдың қорытындысымен өндірілген балық 905 тоннаға жеткен. Балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар бойынша барлық аудан-қалада тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Балық шаруашылығын субсидиялау да балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде.
Облыс әкімінің орынбасары статистикалық көрсеткіштердің сәйкестендірілуіне баса мән беру керектігіне тоқталды. Мәжіліс қорытындысымен тапсырма-жоспар түзіліп, жауаптылар бекітілді. Тапсырмалардың орындалуына мерзім белгіленіп, бақылауға алынды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

КИБЕРАЛАЯҚТЫҚ БАҚЫЛАУДА: ПОЛИЦИЯ ФОРУМЫ 1000-НАН АСТАМ АДАМДЫ ЖИНАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
ТҮРКІСТАН: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz