Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 85 КӨЛІК ТАПСЫРЫЛЫП, СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
10 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
15
VIEWS
Елімізде 9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні, ал 10 шілде Ветеринариялық қызметкерлері күні болып бекітілген. Осыған орай Түркістан облысында қос кәсіби мерекеге арналған іс-шара өтіп, еңбек адамдарына құрмет көрсетілді. Алдымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров ветеринария саласының өкілдеріне заман талабына сай жабдықталған жаңа техникалардың кілтін тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Жалпы, биыл 85 көлік табысталып отыр.
⤵️Одан кейін облыс әкімі салтанатты жиынға қатысып, сала мамандарын құттықтады.
📌– Құрметті су шаруашылығы және ветеринария саласының қызметкерлері! Ардақты еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Сіздер секілді еңбек адамдарының беделін арттыру, қоғамға үлгі ету – дәстүрге айналып жатыр. Бүгінгі басқосуымыз да – осының дәлелі. Түркістан өңірі – агроөнеркәсіптік кешен бойынша республикада көшбасшы өлке. Еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13 пайызы біздің облысқа тиесілі. Жылына 1 трлн теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Су тапшылығының алдын алу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Биыл 46 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Нәтижесінде ағын суды 1,5-2 есеге үнемдеумен қатар, өнімділікті 2,5-3 есеге арттыруға қол жеткізілуде. Бұл ретте су шаруашылығы мамандарының еңбегі айрықша. Ал ветеринария саласына келсек, індеттердің алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында ілкімді істер атқарылуда. «Ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Себебі сала қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында індеттердің алдын алу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қауіпті індеттер мен зиянкестерге қарсы күрес барысындағы белсенді қызметтеріңізге алғыс білдіремін. Төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай келе, зор денсаулық, еңбекте табыс, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! – деген Нұралхан Көшеров үздік су мамандары мен ветеринария өкілдеріне марапаттарды табыстады.
✔️Іс-шарада кәсіби мереке иелері ҚР Президентінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы», ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Құрмет грамотасы», Түркістан облысы әкімдігі және облыстық мәслихатының «Құрмет грамотасы», Грамотасына және Алғыс хаттарына, сондай-ақ өзге де марапаттарға ие болды. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.
✔️Айта кетейік, Түркістан облысында су шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірде су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр. Көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынуда. Су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналды күрделі жөндеуден өткізу арқылы су нысандарының тозу көрсеткішін 76%-дан 50%-ға төмендету көзделуде.
Алдыңғы жаңалық

ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Келесі жаңалық

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Ұқсас жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

15 декабря, 2025
Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ САЛАЛАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

СҮТ ӨНДІРІСІН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРГЕН «БӨРТЕ МИЛКА» ЖОБАСЫ ТОЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
15 декабря, 2025
0

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДА АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz