Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНІҢ АЛЫП ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОҚЫМА ӨНДІРІСІНІҢ АЛЫП ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА
saqnews.kzsaqnews.kz
5 сентября, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
7
VIEWS
✔️Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамытып келеді. Соңғы жылдары бұл өңірде агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеуге басымдық беріліп, жаңа өндірістік қуаттар іске қосылуда. Соның бірегейі – «Түркістан Текстиль» ЖШС қолға алған маңдайалды мақта-мата кластері. Жобаның құрылыс барысымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып танысты. Өңір басшысы кластердің экономикалық мән-маңызын атап өтіп, сапалы әрі жедел іске асыруды тапсырды.
✔️Бұл еліміздегі ең ірі тоқыма кластерлерінің бірі болмақ. Жалпы құны 86,5 млрд теңгені құрайтын өндіріс кешенінде 2345 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өз шикізатына негізделген ішкі өндіріс тізбегі қалыптасады және экспортқа бағытталған дайын өнімдер шығарылады. Жергілікті мақта өндірушілер үшін тұрақты өткізу нарығы пайда болады.
📌– Біз шикізатты тек өсіріп қана қоймай, оны толық өңдеп, қосылған құны жоғары өнімге айналдыруымыз қажет. Бұл — Президент тапсырмасы. Түркістан облысы мақта егетін жалғыз өңір. Ендеше, тоқыма кластері осы саланың болашағын анықтайтын маңызды тетік болады. Біз бұл жобаны жіті бақылауда ұстаймыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
✔️«Turkistan Textile» жобасы толық өндірістік циклге негізделген. Яғни, жоба аясында элиталық сұрыпты мақта тұқымын жергілікті жерде өсіру, жіп иіру, мата тоқу, киім тігу және дайын өнім өндіру мен ішкі нарық пен экспортқа шығару көзделген. Бұндай жүйе өңірдің ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсібін тоғыстырып, макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсартуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде облыстың ІЖӨ-сінің өсуіне, салық базасының кеңеюіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне мүмкіндік береді.
✔️Қазіргі таңда өндірістік корпустар мен жұмысшыларға арналған жатақхана құрылысы аяқталуға жақын. Бірінші кезеңнің өндірісін биыл іске қосу жоспарланған. Қалғаны келер жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Бұл жобаны Қытайлық «Lihua Group» компаниясы қаржыландырып отыр. Компания халықаралық деңгейде жеңіл өнеркәсіп пен тоқыма өндірісі бойынша танымал инвестор.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,8 МЛН-ҒА ЖУЫҚ АДАМ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Келесі жаңалық

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП, ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП, ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫН АРАЛАП, ЖАҢА ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz