Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі шіркейге қарсы дезинсекция шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта кешенді жұмыстар өңірдегі Түркістан, Арыс қалалары және Шардара, Сауран, Отырар аудандарында үздіксіз жүргізілуде.
Арнайы мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, қауіпсіз әрі тиімді дәрілерді қолданып, су айдындары мен шіркейлер шоғырланған аумақтарды өңдеуде.
Барьерлік химиялық өңдеу 22 сәуірден басталды. Қажетті өңдеу аумақтары 52 елді мекенді қамтитын 15 секторға бөлінген. Бұл жұмыстарға бүрку қондырғылары орнатылған толық жетекті 38 жеңіл автокөлік техникасы, 23 қолдық арқа бүріккіш, 4 термогенератор, дрондар және арнайы мамандар жұмылдырылған. Жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.
Мамандар дәрілеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Бүгін Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен коронавирустық инфекциясының кең таралуының алдын-алу…
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистикада…
Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыста жалпы жылумен қамтамасыз ету бойынша 7 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Олардың…