Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына іс-сапары барысында мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды.
Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ.
Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд. теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. 1,2 км автожол және 14 км теміржол төселіп, пайдалануға берілген.
Жоспар бойынша маңызды инвестициялық жобаның II кезеңі 2026 жылдың соңына дейін толық аяқталады. Жаңа мұнай өңдеу зауытында жылына 377,8 мың тонна Еуро-5 бензині, 426 мың тонна Еуро-6 дизелі өндіріледі. Өңір экономикасын дамытудағы маңызды бағыттардың бірі – инвестиция тарту. 2 жылда Түркістан облысының экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылып, өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Жыл басынан 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны – 2,3 трлн. теңге. 19 783 жұмыс орнын ашып, қосымша 84 млрд. теңге салық түсіру көзделген. Оның ішінде, биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Related Posts
2025 жылғы 6 мамыр күні Шардара ауданында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аудандық мәдениет үйінде…
Түркістан облысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 14 индустриалды аймақ ашылған. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруде.…
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданының өндірістік әлеуеті…