Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды
saqnews.kzsaqnews.kz
9 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, өңірдің географиялық және климаттық ерекшелігін ескере отырып, үш кластерлік бағыт – мақта, ет және жүгері кластерін дамыту қолға алынған.

Мақта-тоқыма кластері су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, элиталық сорттағы мақтаны өсіру және шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз етеді. Кластер өндірістік процестің барлық кезеңін қамтиды: мақта өсіруден бастап, жіп, мата сияқты дайын тоқыма өнімдерін шығару. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд теңге инвестиция тартылуы жоспарлануда. Мақта өнімділігі 2–3 есеге артатын болады, жылына 229 мың тонна мақта өндіріледі. Биыл пилот ретінде Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді, түсім жоғары болды. Сонымен қатар 2 мақта өңдеу зауыты іске қосылып, жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталу сатысында тұр.

Жүгері кластері аясында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынып жатыр. Жоба құны – 35 млрд теңге, 251 жұмыс орны ашылады. Жылына 150 мың тонна жүгері терең өңделіп, 26 түрлі өнім шығарылады. Кластердің іске асырылуы жүгері егістігін 2030 жылға қарай 40 мың гектардан 70 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік береді.

Ет кластері бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны – 50 млрд теңге, қуаттылығы – 35 мың тонна, ашылатын жұмыс орны – 802. Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін кешендер, заманауи мал биржасы салынып жатыр. Қазіргі уақытта «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бес Қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Бұл қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясы ет бағытында ірі құс фабрикасының құрылысын бастады. Жоба құны – 53 млрд теңге, жылына 48 мың тонна құс еті өндіріледі.

Бұл кластерлік бағыттар отандық терең қайта өңдеуді дамытуға, шаруалардың өнімін нарыққа кепілді түрде жеткізуге және облыс экономикасының өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

Келесі жаңалық

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды
Басты жаңалықтар

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

7 октября, 2021
0

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

saqnews.kz
5 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz