Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады
saqnews.kzsaqnews.kz
9 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
3
VIEWS

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен саласында 2025–2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілген. Жол карта шеңберінде жалпы құны 295,5 млрд теңге болатын 78 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Биыл олардың қатарынан 31 жобаны іске асыру көзделген. Бүгінгі күнге дейін 60,8 млрд теңгеге 27 жоба жүзеге асырылып, 1 030 жаңа жұмыс орны құрылған.

Көшеровтың айтуынша, Түркістан – ауыл шаруашылығын дамытуға ең қолайлы өңірлердің бірі. Өңірде шикізатты ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға басымдық беріліп, заманауи технологиялар енгізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция салынып, көрсеткіш 1,1 есеге артты. Ал тамақ өндірісі саласына 31,5 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 1,3 есені құрады.

Өңірдің экспорттық көрсеткіштері де жақсарып келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн АҚШ долларына жетіп, 1,1 есеге артты. Жалпы ауыл шаруашылығы өнім көлемі 182,5 млрд теңгеге өсіп, 1 трлн 86,9 млрд теңгеден асты. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр.

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға артты. Дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар, тұқым және кредиттік ресурстар толық әрі уақтылы қамтамасыз етілді. Нәтижесінде:

  • 695 мың тонна дәнді дақыл,

  • 54 мың тонна майлы дақыл,

  • 1,5 млн тонна көкөніс пен картоп,

  • 1,7 млн тонна бақша өнімі,

  • 5 млн тонна малазықтық дақыл,

  • 428 мың тонна мақта
    жиналды.

Өңірде өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту жұмыстары қарқын алған. Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1 715 гектарға жетті. Республикадағы жылыжай қорының 76 пайызы Түркістан облысының үлесінде. Жылыжайлардың алғашқы айналымында 102 мың тонна көкөніс жиналды. Келесі жылы көлемді тағы 62 гектарға кеңейтіп, облыстың республикадағы үлесін 80 пайызға жеткізу жоспарлануда.

Келес ауданында 500 гектар аумақта «Еcoculture Eurasia» ірі жылыжай кешені салынып жатыр. Жоба жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өндіруге мүмкіндік береді және 7 мың жұмыс орнын құруға жол ашады. Биыл кешеннің бірінші кезеңін іске қосу жоспарланған.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025
Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

9 декабря, 2025

Түркістан облысы жалпы өнім көлемін 4 трлн теңгеден асырып, республикада көшбасшылар қатарынан орын алды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

9 декабря, 2025

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025

Түркістан облысында энергия тапшылығын жою мақсатында ірі электр станциялары салынуда.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының аудандары мен қалаларында шағын өндірістік парктер мен алаңдар ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

9 декабря, 2025

Биыл Түркістан облысында халықаралық талаптарға сай заманауи зауыттар іске қосылып, өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрады.

9 декабря, 2025

Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр

9 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластерлері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаяды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

7 октября, 2021
0

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

saqnews.kz
5 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz