Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтардың көбі әлеуметтік мәселелермен келген. Мәселен бірі мүгедек баласына әлеуметтік көмек сұраса, келесі азамат жұмысқа орналастырып беруді өтінді және тағы басқа. Сонымен қатар Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесін көтерді. Лагерьдегі қауіпсіздік талаптары сақталмауына қатысты мәселелер де сөз болды.
Азаматтардың өтінішін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары барлық мәселенің тек белгіленген заң аясында шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Ашықтық қағидатына негізделген қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан бөлек, Созақ, Отырар, Жетісай, Мақтарал аудандарынан 15-ке жуық азамат келді. Азаматтардың өтініші негізінде хаттамалық тапсырмалар беріліп, жұмыстар атқарылатын болады.
Результаты социологического опроса, проведенного Казахстанским институтом стратегических исследований при Президенте РК (КИСИ) в октябре 2025 года, свидетельствуют о высокой степени…
Бүгін Шардара аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алатау батыр ауылдық округінде жастарға арналған тағылымы мол кездесу өтті. Шараға Отан алдындағы…
Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік бастауы – берекелі Түркістан» тақырыбында XXVIІ сессиясы өтті. Жиынға…