Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Түркістан мен Қытай арасында туристік байланыстарды дамыту жөнінде меморандум жасалды

Түркістан мен Қытай арасында туристік байланыстарды дамыту жөнінде меморандум жасалды
saqnews.kzsaqnews.kz
6 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
6
VIEWS

Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтіп жатқан ITB China 2025 халықаралық туризм көрмесі аясында Түркістан облысы мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған келісімдерге қол қойылды. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған ресми делегация арнайы жұмыс сапарымен қатысты.

Көрме алаңында Түркістан облысының туристік әлеуеті кеңінен таныстырылды. Облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасы, табиғи ландшафттары мен заманауи туристік инфрақұрылымы туралы толық ақпарат беріп, халықаралық серіктестерге Түркістан өңірінің инвестициялық және туристік тартымдылығын жан-жақты көрсетті.

Сапар барысында қазақстандық делегация Қытайдың жетекші туристік компанияларымен және ірі халықаралық туроператорларымен екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Beijing Fine Tour International Travel Service Co. Ltd және CYTS Xinjiang Culture and Tourism Development Co., Ltd компанияларының басшылықтарымен арнайы келіссөздер жүргізілді.

Кездесулер барысында тараптар Түркістан қаласына келетін туристер ағынын арттыру, екі ел арасындағы тікелей туристік бағыттарды дамыту, бірлескен турпакеттер жасау және ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Нәтижесінде, екі тарап арасында өзара ынтымақтастықты кеңейту жөнінде бірнеше меморандумға қол қойылды. Бұл құжаттар Түркістан мен Қытай арасындағы туристік ағынды көбейтуге, визалық рәсімдер мен логистикалық мүмкіндіктерді оңтайландыруға, сондай-ақ туризм саласындағы тәжірибе алмасуды жандандыруға бағытталған.

Шара барысында Түркістан облысының туризм саласына қатысты бірнеше бағыт бойынша нақты ұсыныстар мен жобалар таныстырылды. Атап айтқанда:Киелі орындарға бағытталған рухани-мәдени турлар; Эко-туризм мен этнотуризмді дамыту; Спа-орталықтар мен шипажай қызметтерін Қытай нарығына бейімдеу; Жоғары сапалы гидтер даярлау және тілдік қолдау механизмдері.

Зұлпыхар Жолдасов өз сөзінде Түркістанның «Ұлы Жібек жолының» маңызды тарихи орталығы болғанын атап өтіп, қазіргі таңда өңірде заманауи туристік нысандармен қатар, көне тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ол сондай-ақ өңірге келетін шетелдік туристерге қолайлы жағдай жасау – облыс басшылығының басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, делегация көрме аясында ұйымдастырылған панельдік сессиялар мен халықаралық форумдарға қатысып, Орталық Азия өңіріндегі туризмнің даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Қытай тарапы Түркістан облысының тарихи-мәдени нысандарына, әсіресе Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, сондай-ақ өңірдегі табиғи демалыс аймақтарына ерекше қызығушылық танытты. Қытайлық туроператорлар Түркістан бағыты бойынша чартерлік рейстер мен турпакеттер дайындауға дайын екендіктерін білдірді.

Аталған келісімдер мен бастамалар Түркістан өңірінің халықаралық деңгейдегі туристік беделін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлік экономиканың дамуына серпін бермек.

Алдыңғы жаңалық

Түркістанда білім беру ұйымдары басшыларына арналған форум өтті

Келесі жаңалық

ШАРДАРА: ЭКО-БІЛІМ – САПАЛЫ ҰРПАҚ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025
ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025
ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Басты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

13 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ БАС СУ ТОРАБЫ МЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАСТАР МЕН ТҰРҒЫНДАРҒА «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ ТАРАТЫЛДЫ

12 августа, 2025

ЕЛІМІЗДЕ ЖИЫН-ТЕРІМ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

12 августа, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 августа, 2025

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

6 августа, 2025

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА УАҚЫТША СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

6 августа, 2025

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

6 августа, 2025
Келесі жаңалық
ШАРДАРА: ЭКО-БІЛІМ – САПАЛЫ ҰРПАҚ

ШАРДАРА: ЭКО-БІЛІМ – САПАЛЫ ҰРПАҚ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

Құрметті Жұмыс берушілер!

Құрметті Жұмыс берушілер!

saqnews.kz
4 августа, 2025
0

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МАҢЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР КӨПІРЛЕРІ САЛЫНУДА

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ МАҢЫНДА ЖОЛАУШЫЛАР КӨПІРЛЕРІ САЛЫНУДА

saqnews.kz
2 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz