Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МЕКЕНІНЕ АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАН МЕКЕНІНЕ АҚ ЖАЙЫҚТЫҢ ӨНЕР КЕРУЕНІ КЕЛДІ
saqnews.kzsaqnews.kz
17 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
9
VIEWS
Бүгін Түркістанда Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына қарасты Шамғон Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрінің «Арайлы Ақ Жайықтан – Түрленген Түркістанға!» атты концерті өтті. Кешке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Әлімбай Ботақараев бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты.
Бейсенбай Дәулетұлы жиынды ашып беріп, мазмұнды кештің маңызына тоқталды. Сонымен қатар облыс басшылығының құттықтауын табыстап, құрмет көрсетті. Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының директоры Бауыржан Халиолла өз сөзінде түркістандық көрерменге алғысын білдірді.
Кешті тізгіндеген Камалиден Айтбаев көрерменді концерттің мазмұнымен таныстырып отырды. Концерттік бағдарлама ұлттық классика мен әлемдік музыка туындыларынан құралған. Кеште Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Евгений Брусиловский, Базарбай Жұманиязов, Иоганн Брамс, Иоганн Штраус, Арам Хачатурян, Джоаккино Россини, Арно Бабаджанян, Карлос Альмаран сынды әлем және қазақ композиторларының шығармалары орындалды. Сонымен қатар кеш барысында көрермендер қазақ опера өнерінің інжу-маржандары – «Абай», «Қыз Жібек», «Махамбет» операларынан үзінділерді тыңдап, халық әндері мен заманауи шығармаларды тамашалады.
Сахнада ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақсұлу Жұмалиева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрханов, Альбина Наурзалиева, Айбек Тұрарбеков, Дамир Сатыбаев, Тарас Жауымбаев, Сиғватолла Ешкаев сынды филармония әншілері мен дирижерлар ҚР Мәдениет саласының үздігі Никита Говоров және Мәдениет Меңдіғалиев өнер көрсетті. Кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі Бас дирижері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Никита Говоров. 2010 жылы құрылған өнер ұжымына былтыр Мемлекеттік сыйлықтың иегері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Шамғон Қажығалиевтің есімі берілді. 15 жыл бойы тынбай ізденіп, тынымсыз еңбектенген оркестрдің репертуары 200-ден астам ресейлік және қазақстандық композиторлардың туындыларымен қатар, әлемдік классикалық шығармалары бар.
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙМЕН 3 ІРІ ЖОБА БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Келесі жаңалық

КЕЛЕСТЕ БИЫЛ 33,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025
Басты жаңалықтар

11 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық
КЕЛЕСТЕ БИЫЛ 33,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

КЕЛЕСТЕ БИЫЛ 33,8 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

saqnews.kz
11 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz