Түркиядағы сапарға шолу

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет мемлекеттік сапармен Түркия республикасына барды. Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, бас-аяғы 14 құжатқа қол қойылды. Бауырлас елдер сауда-саттықты бірнеше есе көбейтуге уағдаласты. Айта кетерлігі, Алтайдан басталған қазақ көшінің қасиетті Анадолы топырағына жеткеніне биыл 70 жыл толды. Ал Қазақстан мен Түркия арасында дипломатия орнағанына биыл 30…

Read More

Бейбіт күннің батыры

Бүгінгінің батыры – Сәбит Шонтақбаев. 37 жастағы азамат 3 жасар баланы өлімнен құтқарып қалды. Сегізінші қабатта салбырап тұрған баланы төменгі қабаттың терезесінен еш қорғаныш құралынсыз шығып, аяғынан тартып қағып алды. Бір қызығы, сәбидің ата-анасы үйінде болыпты. Ендеше сол мезетте баланы неге қараусыз қалдырғаны белгісіз. Сәбит Шонтақбаев 10-дар шамасында үйінен шығып, жұмысқа беттейді. Ауладағы айғай- шуды…

Read More

Президент Жарлығы: Үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді

Президент Жарлығымен Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағы берілді. Олар 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясының мергені – Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы, 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович және 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы – Ыбырайым Сүлейменов. Сондай-ақ Қасым…

Read More

Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек. Өйткені комитет Бразилияда өтіп жатқан ойындарға баратын спортшылар тізімін алдын-ала келіспеген. Дау Еркебұлан Қанафин жеңіп алған алтын медальдан басталған. Сурдлимпиада комитеті Қазақстан заңнамасына қарамастан, өз тарапынан бірқатар спортшыларды, оның ішінде Еркебұлан Қанафинді жарысқа апарған. Алайда Бразилиядағы сараптама оның есту қабілетінде кінәрат жоқ екенін анықталыпты. Ол бұрын-соңды есту қабілеті…

Read More

Жеңіс күніне орай қазақстандық соғыс ардагерлері қанша теңгеден алады

Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 млрд 400 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша елімізде соғысқа қатысқан 289 майдангер бар. Облыстық әкімдіктердің бәрі біржолғы материалдық көмекті ардагерлерге аударып үлгерді. Қалған 3-4 өңірде тиісті төлемдер 9 мамырға дейін төленеді. Атап айтсақ, елордада 18, Алматыда 62,…

Read More

Түркістанда түркі мемлекеттерінің мүфтилері бас қосты

Түркістанда түркі елдерінің бас мүфтилері бас қосты. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда түркі халықтарына ортақ құндылықтар дәріптелді. Бастысы, Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мәселелері талқыға түсті. Түркі әлемі ғұламаларының мәзһабын халыққа жеткізу, басқа да игі істерге ымыраласты. Бүгін түркі елдеріне ортақ діни конвенция құрылды. Ол үшін арнайы Түркия, Өзбекстан, Қырғыстан мен Әзірбайджан елінің бас мүфтилері келді. Рухани шаһарда…

Read More

«Жасыл Түркістан» мақсаты – қаланы жасыл желекке айналдыру

Түркістан қаласы облыс орталығына айналғаннан бері шаһарды абаттандыру жұмыстарына мықтап көңіл бөлінуде. Жасыл желекке оранған саябақтар мен аллеялар, көше бойы тізілген ағаштардың тұрғындар үшін жайлы атмосфера сыйлары айдан анық. Көне шаһардағы саябақтарды абаттандыру жұмыстарымен және оларды күтіп-баптау, суғарумен бірнеше мекеме айналысуда. Соның бірі — «Жасыл Түркістан» КММ ұжымы. Қазіргі уақытта «Жасыл Түркістан» мекемесі тарапынан қаланы…

Read More

Әрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны

Әлемде күн сайын 137 әйел өз отбасы мүшелерінің қолынан қаза табады. Ал әрбір сегізінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Біріккен Ұлттар ұйымы жүргізген статистика осындай. Мамандардың айтуынша, оның тек 40 пайызы ғана құзырлы органдардан көмек сұрайтын көрінеді. Жаһандық дертке айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Түркістанда БҰҰ өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Күні кеше Түркістан облысындағы Темірлан елдімекенінде болған…

Read More

Таза суға тарыққандар

«Алдағы 3 жылда халық 100% таза ауызсумен қамтылуы керек!». Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында осындай тапсырма берді. Өйткені мың жарымнан астам ауыл жұрты әлі күнге дейін сапалы суға жарымай отыр.Әсіресе, бұл мәселе Түркістан облысында өзекті. Аймақта 30 ауылда су тарту үшін барлау жұмыстары жүргізілмеген. Ауылдық елді мекендерде ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай және Солтүстік…

Read More

Ауылымызды шыбын шіркей қаптады

Ауылымыз шыбын-шіркейге толып зәрезап болдық. Түркістан облысындағы Сарыкөл ауылының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Халық күндіз көп жағдайда көшеге шықпауға тырысатын көрінеді. Ал шаруалар тіпті егістікке де шыға алмай қалған. Сарыкөл ауылының тұрғындары мынадай бетперде киіп жүруге мәжбүр. Себебі мұндағы шыбын-шіркей сізді қалыпты жүргізбейді. Бір өкініштісі биыл ауылды залалсыздандыруға қаржы бөлінбеген. Қазір шіркей шағып, емхана…

Read More