Ресей бір күнде 39 млрд доллар шығынға ұшырады

Еуроодақ басшылары Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы келісімге келді. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен Украинаға басып кіру Еуропадағы бейбітшілік тәртібіне күмән келтіретінін мәлімдеді. Еуроодақ Кремльді өз әрекеттері үшін жауапқа тартылатынын жеткізіп, санкциялар ресейлік элитаға барынша әсер ететінін айтты. Батыс одақтастарымен бірлесіп әзірленген пакет ресейлік банк нарығының 70% және негізгі мемлекеттік компанияларды, соның ішінде қорғаныс…

Read More

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді – Зеленский

Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский Киевте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол Ресейдің шабуылын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік Германия әрекетімен салыстырды. Сондай-ақ азаматтарға “жерді қорғау үшін” қару беруге дайын екенін де жеткізді. Сонымен қатар, ол Ресей тұрғындарын наразылыққа шығуға үндеді. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, қазір Украина Қарулы күштері “нағыз ауыр…

Read More

Шұғыл отырыс өткізді

Украинадағы жағдайға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Бұл жиналыс Украинаның сыртқы істер министрінің өтініші бойынша кезектен тыс ұйымдастырылды. Бас хатшының орынбасары Розмари ДиКарло шиеленісті бейбіт шешуге және Ресей мен Украинаны өзара келісімге келуге шақырды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін осы аптада екінші мәрте жиналды. Шұғыл отырыс Нью-Йорк…

Read More

Тарихи рекорд: Доллар 470 теңгеден жоғары бағамен сатылуда

Қор нарығында доллар 15 теңгеге қымбаттады. Доллар бағамы 23 ақпанмен салыстырғанда 15,23 теңгеге өскен. Бүгінде АҚШ долларының орташа құны 452,49 теңге болды. Ал Елордада айырбастау пунктерінде доллар бағасы шарықтады. Курс.кз сайтының дерегінше, доллар Нұр-Сұлтанда 470 теңге болса, Алматыда тіпті 472-ден саудаланып жатыр. Ұлттық банк теңге бағамын тұрақты ұстап тұру үшін бүгін валюталық интервенция жасады. Оның…

Read More

Қазақстандық бітімгерлер Украинаға жіберіле ме? Әшімбаевтің жауабы

Қазақстан Украина еліне бітімгерлерді жібере алмайды. Өйткені бұл мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі емес. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей де, Украина да бізге өте жақын елдер деді. Сондықтан келіссөз үстеліне отырып, мәселені дипломатия жолымен шешуге әлі де кеш емес дейді ол. Мәулен Әшімбаев – ҚР Парламенті сенатының төрағасы:…

Read More

Соғыс жағдайы енгізілді

Бүкіл әлем көз тіккен Украинада нағыз дүрбелең басталды. Ел азаматтары бүгін бомбаның дүмпуінен оянды. Таңнан бері жалғасып жатқан қырғи-қабақ соғыстың кесірінен екі жақтың да ондаған әскери қызметкерлері көз жұмды. Тіптен бейбіт тұрғындар да зардап шеккен. Арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Ресей мен Украина арасында қырғи қабақ соғыс басталып кетті. Украина билігінің мәліметінше Ресей әскері…

Read More

Ел азаматтары эвакуацияланады

Қазақстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, 517 адам уақытша, 1113 адам тұрақты консулдық есепте тұр. Алайда СІМ бұл сандар әлі де өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Харьковтағы авиациялық институтта оқып жатқан қазақстандық студенттер жарылыстан қорғану аумақтарына орналастырылды. Олар әзірге елімізге эвакуациялау шараларын күтіп жатыр. Жарылыстар басталған кезде…

Read More

«Утиль алым түскенімен, көлік арзандамайды»

Көптің көкейінде жүрген түйіткілге нүкте қойылды. Күні бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утилалымға қатысты мәлімдеме жасады. Елімізде автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларын қайта өңдеу ақысы 50%-ға төмендеді дейді. Алайда бұл көрсеткіш көлік бағасының арзандауына сеп болмайды деп белсенділер. Бұл мәселеге қатысты жұрттың пікірі қандай? «Утилалымның бағасын жұрттың қалағанындай түсіре алмаймыз». Осылай деп хабар24 арнасына сұқбат…

Read More

Арал қаласының маңында ұшақ құлады

Қызылорда облысында санитарлық авиация апатқа ұшырады. Ан-2 ұшағы Арал қаласынан 10 шақырым жердегі «Алтын құдық» тауық фермасы маңында құлаған. Экипаждың 2 мүшесі мен жедел жәрдем станциясының фельдшері әуе көлігінен дер кезінде шығып үлгерген. Содан кейін ұшақ отқа оранған. Санавиация ұшағы Арал қаласынан қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын 16 жастағы жасөспірімді облыс орталығына жеткізуі керек болған….

Read More

Олимпиададан медальсіз қайтқандарға сыйақы беріледі

Бейжіңдегі Қысқы олимпиададан Қазақстанның қоржыны бос қайтты. 34 спортшының бірде-біреуі үздік үштіктен көрінбегені қоғамның да Үкіметтің де тарапынан қатаң сыналуда. Қазақстан құрамасынан жүлдеге жақын болған жалғыз Абзал Әжғалиев болды. Шорт-трек шеберіне 30 000 доллар сыйақы берілмек. Дәл сондай төлем, оның бапкерлеріне де үлестіріледі. Жалпы, байрақты бәсекеге қатысқан спортшыларға 140 000 доллар бөлінеді деп күтілуде. Тәуелсіздік…

Read More