Саурандық тұрғындар ағын суды бөгеп тастаған әкімдіктегілерді сынға алды
Түркістан облысындағы 3 мыңға жуық тұрғыны бар Нұртас пен Жалаңтөс ауылының шаруалары тығырыққа тіреліп отыр. Себебі елді мекенге баратын каналдың үстінен жүргізілген жол ағын судың өтуіне бөгет келтіруде. Онсызда құрғақшылықтан титықтап жүрген жұрт, тіршілік нәрінен мүлдем қағылып аралға айналмасақ игі еді деп налиды. Сырдарияның суынан бастау алатын бұл канал ауылға кірер тұста екіге бөлінеді. Екеуінің…