Балықтар қырылып жатыр

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Әлеуметтік желіде шабақтардың жағалауда өліп жатқан бейнежазбасы тарады. Видеода кейбір тірі балықтардың басы мен денелерінде жаралар бар екенін көруге болады. Бұл мәселеге қатысты тиісті мамандар мәлімет таратты. Олардың сөзінше, мөңке мен сазан балықтары мен шабақтардың қабыршақтарында өзгерістер пайда болған. Ал балық инспекциясының мамандары олардың жаппай қырылуы жылда…

Read More

Зейнеткерді тірідей өртеп жіберді

Түркістан облысының тұрғыны зейнеткерді тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік оқиға Сайрам ауданында болды. Бейресми деректерге сүйенсек, азаматтың мұндай қатыгездікке баруына екі ер адамның арасындағы жанжал себеп болған. Төбелесіп, таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген. Терезені сындырып, аулада айқайға басқан. Сол сәтте үйден қарсыласының әйелі аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған…

Read More

Басы дауға іліккен Шымкент ПД қызметкері жұмыстан кеткен күні суицид жасаған

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы суицид жасады. Апта бұрын ғана ютуб желісінде Мөлдір Бекеева былапыт сөз айтты деген тақырыппен аудиожазба тараған еді. Осыдан кейін жұмыстан кететін туралы өтініш жазған ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Полиция департаментінің баспасөз хатшысы бүгін түнгі бір жарымда жансақтау бөліміне жатқызылды. Өз-өзіне қол жұмсаған Мөлдір Бекеева әлеуметтік желіде қоштасу хатын…

Read More

“Шенеуніктер кабинетінен шығып, халықпен кездесу керек!”

Халықтың кірісін арттыратын бағдарлама қабылданғанмен, елдің әл-ауқаты күннен күнге төмендеп барады. Тіпті жұрттың басым көпшілігі бұл бағдарламаларға сенгілері де келмейді. Депутат Ерлан Сайыров осылай деп, шенеуніктерді бір сынап алды. Оның айтуынша, елден келетін сұрақтардың басым бөлігі табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты. Алайда осы мәселелерді сөз еткен депутаттар министрмен сөзге келіп қалды. Бүгінгі мәжіліс отырысы…

Read More

Спорт алаңдары тапшы

Елімізде спорт алаңдары тапшы. Бар спорттық ғимараттың өзі талапқа сәй келмейді деп мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев дабыл қақты. Айтуынша, елді мекендерде 1 млн шаршы метрден аса спорт залға деген қажеттілік бар. Спорт кешендерінен ада өңірлер қатарын Түркістан облысы бастап тұр. Бұдан өзге 3 мегаполисте де жағдай осындай. Отырар ауданындағы Қоғам ауылының жалғыз спорт…

Read More

Қазақстанда жасөспірім қыздардың 60 пайызы темекі шегеді

Елімізде жасөспірім қыздардың 60 пайызы темекі шегеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Мамандар жүргізген арнайы зерттеулер нәтижесі жастардың 17-18 жастан бастап никотинге тәуелді болатынын көрсеткен. Сондай ақ ведомство басшысы жастар арасында электрондық темекіге әуестік күрт өскенін атап өтті. Сонымен қатар, ведомство басшысы ел азаматтарының алкогольге тәуелді екендігін де айтты….

Read More

“Қазақстан халқына” қорына 4 балаға ең қымбат дәрі алынды

Қазақстан халқына қорының есебінен 4 балаға әлемдегі ең қымбат дәрі сатып алынды. Олар омыртқа бұлшық етінің атрофиясына шалдыққан. « Ем үшін 3,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат золгенсма препаратын сатып алу үшін жұмсалған. Науқастар ауруханаға жатқызылды. Әр науқасқа дәрілік затты жеке өндіру үшін биоматериалдар алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін…

Read More

18 вагон рельстен шыққан

Шығыс Қазақстанда жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті.Тіпті вагонның бірнешеуі Ертіс өзеніне құлаған. Оқиға күні кеше Өскемен-Күмістау теміржол учаскесінде болған. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген. Айта кетсек Руда тиелген екі вагон Ресейдің меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон “ҚазцинкТемірТранс” серіктестігіне тиесілі. Қуанышқа орай қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының…

Read More

Қызылжар ауылында газ бен жол мәселесі шешімін таппай келеді

Сарыағаш ауданы Қызылжар ауылының тұрғындарын жолдың жайы, газдың мәселесі әбден қажытқан. Төңіректегілер түгел көгілдір отынның рақатын көріп отырғанда, олар әлі от жағып, күл шығарып жүр. Газдың құбырына, құжатына деп әкім әлдеқашан ақша жинап алған. Ал енді түрлі сылтау айтып, жұртты жанына жолатпайтын көрінеді. Тіпті шағымданып келгендерге шамданып: «қайда барсаңдар онда барыңдар? Билеттеріңді алып берем» депті….

Read More

«Су басу қаупі жоғары»

157 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. Басты себеп еліміздің бірқатар өңірлерінде күн күрт жылынбақ. Қар еріп, сең жүріп арты табиғи апатқа ұласуы мүмкін. Зардап шеккен отбасылар қайтпек? Оларға мемлекет өстемақы төлейтін болды ма? Кешегі түнді Атырау облысындағы Сағыз ауылының тұрғындары жанын шүберекке түйіп өткерді. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің…

Read More