Түркістанда сакура ағашы гүлдеді

Түркістанда сакура гүлдеді. Жапон елінің символы саналатын ағаш шаһарда 2 жыл қатарынан гүл ашуда. Мамандардың айтуынша, сакура Түркістанның табиғатына тез жерсінген. Себебі бұл көшеттер бұған дейін 10-15 жыл әртүрлі тұқымбаққа егіліп, әбден сынақтан өтеді. Жалпы, қала аумағында бүгінде 225 гектарда 30 саябақ, 13,6 гектарда 15 гүлзар мен аллея бар. Оларды суғару үшін қалада ауыз су…

Read More

Ірі компаниялардың акциялары құнсызданып жатыр

Елімізде ірі компаниялардың акциялары құнсызданып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі хабарлады. «Қазақстан қор биржасы» сауда тізімдерінде 150 эмитенттің 164 акциясы болса, оның 43 шығарылымы KASE Global секторындағы айналысқа жіберілді. Ақпан айының қорытындысы бойынша KASE индексі 5,3%-ке төмендеген. Соның салдарынан кәсіпорындардың жоғалтқан қаржы көлемі 3,5 трлн теңгеге жеткен. Әсіресе, «Қазақтелеком» және «Қазақстанның Халық жинақ…

Read More

Жамбыл, Қызылорда және Атырау облысының әкімдері ауысты

Жамбыл облысының әкімі ауысты. Лауазымды қызметке Нұржан Нұржігітов тағайындалды. Ол 1967 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозда механик болып бастаған. Кейіннен әкім апаратында түрлі жауапты қызмет атқарған ол, 2021 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімі орынбасары болған. Ал жылы орнын босатқан облыстың экс-басшысы Бердібек Сапарбаевтың қандай қызметке ауысқаны…

Read More

Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 22 триллион теңгеге жетті

Мемлекеттік қарыз жыл басында 22 трлн теңгеге жетті. Депутат Нұрлан Бекенов Сенат отырысында сыртқы мемлекеттік қарыздың өсуіне алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша, Үкіметтің сыртқы борышы шекті мәнге жақындап келеді. Қазіргі таңда жалпы сомасы 12,2 млрд долларды құрайтын үкіметтік сыртқы 52 қарыз бар. Оның 80 пайызы ғана игерілген. Сенатор еліміздің сыртқы қарызының артуына ықпал ететін негізгі факторларды…

Read More

700 мың адам суицид жасайды

Жыл сайын 700 мыңға жуық адам суицид жасайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл ел мен қоғамды алаңдатарлық жағдай. Ал өзіне қол жұмсауға әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Осындай жаға ұстатарлық сандарға Үкіметтегілер басты назар аудару керек екендігін жеткізді. Стратегиялық жоспарда да осы есептер басшылыққа алынуы керек дейді. Кэролайн…

Read More

Өзіне қол жұмсамақ болған болған Мөлдір Бекееваға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Өзіне қол жұмсамақ болған Шымкент полиция департаментінің экс -баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады. Оған жедел басқару орталығы қызметкерін балағаттап, дауыс көтерді деген айып тағылып, үстінен “Билік өкілін қорлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда қазір полиция бұл іс дұрыс сараланбағанын мойындады. Айта кетсек,…

Read More

«Емханасыз қаламыз ба?» деген шымкенттіктер шу шығарды

Әкім ойнатқан тендердің арқасында емханасыз қаламыз ба деген шымкенттіктер шу шығарды. Сөздерінше Достық шағын ауданындағы жалғыз емдеу орталығы қаланың басқа аумағына ауыстырылмақ. Бірақ, тұрғындар бұған қарсы. Әкім ойнатқан тендердің арқасында емханасыз қаламыз ба деген шымкенттіктер шу шығарды. Сөздерінше Достық шағын ауданындағы жалғыз емдеу орталығы қаланың басқа аумағына ауыстырылмақ. Бірақ, тұрғындар бұған қарсы Шымкент қаласының тұрғыны:…

Read More

Кентаулық тұрғындар апатты үйде тұрып жатыр

Төбемізден жай түсіп, өлгенімізді күтіп отыр. Осылай деп ашынған Кентау қаласындағы апатты үй тұрғындары редакциямыздан араша сұрады. Халық арасында «Сталинка» деп аталып кеткен, екі қабатты үйдегі пәтерлердің қабырғалары әне-міне құлауға жақын. 2020-ы жылы үй апатты болып танылғанымен, тұрғындарға ешкім көмектесуге асығар емес. Кентаудағы геноцид. Бұл жағдайды басқаша түсіндіру қиын. 2000-ы жылдардың ортасында бұл көппәтерлі тұрғын…

Read More

«Көлкент – Манкент шипажайы» бағытындағы жол жөнделуде

Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіларық-Көлкент-Манкент шипажайы» автожолының 18,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік кестеге сәйкес жолдың бірқатар бөлігінде беткі қабатын қырып, жарамсыз жабынын жөнге келтіріледі. Кей учаскілерде жолдың ұлтаны қайта салынып, екі қабат асфальт төселеді. Тапсырыс беруші Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС. Нысанның жөндеу жұмыстары…

Read More

Балабақшада тәрбиешілері бүлдіршіндерді ұрып соққан

Нұр-сұлтан қаласындағы ерекше балаларға арналған балабақшада тәрбиешілер бүлдіршіндерді ұрып-соққан. Көптің ашу-ызасын тудырған видео әлеуметтік желіде таралды. Бейнежазбада тәрбиешілер балаларды еденде сүйреп, басынан ұрып жатқаны көрінеді. Сәбилердің көрген қорлығын Инстаграм парақшасына Гаухар есімді келіншек жариялаған. Оның айтуынша, бұған дейін басшылыққа осындай былықтар жайлы сан рет айтылғанымен, ешқандай шара қолданылмаған екен. Тәрбиешілер былапыт сөздер айтып, бүлдіршіндердің тамақтану…

Read More