Ермекбаевтың соңғы бұйрығы: Әскери қоймалар жаппай тексеріледі
Қорғаныс министрлігінде ұлттық армияның барлық объектісіндегі, бүкіл қоймасындағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексеретін арнайы комиссия құрылды. Экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың соңғы бұйрығы осыны қарастырады. Оған сәйкес, комиссияға Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы, генерал-лейтенант Әмір Халықов басшылық етпек, деп жазды aikyn.kz. Бұл шешім Жамбыл облысындағы жарылысқа байланысты қабылданды. Қорғаныс министрлігі өрт салдарын жою жұмыстарын ұйымдастырып, оқиғаның туындау себептері…