Төрт мың түлік «төркінін» тапты
Мал ұрлығымен айналысқан 112 қылмыстық топ ұсталды. Ұрланған 7 мың түліктің 4 мыңы табылып, иелеріне қайтарылған. Жалпы жыл басынан бері полиция 800-ден астам қылмыстық істің ізін кесіпті. Олардың ең ірісі 15 адамға дейін ұйымдасып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келген. 18 мал ұрлығына қатыстылығы дәлелденген. Қазірде Ішкі істер министрлігімен Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді….