Us Оpen турнирінің чемпионы жеңісін келіншегіне арнады
АҚШ-та үлкен теннистен әлемдегі ең беделді додалардың бірі – US Open аяқталды. Дүбірлі сында Ресей спортшысы, әлемнің 2-ракеткасы Даниил Медведев чемпион атанды, деп хабарлайды Turkistanzaman.kz. Ол финалда даңқты спортшы, әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Данил бұл жеңісін өзінің сүйген жары Дарья Медведеваға арнайтынын мәлімдеді. «Бүгін біздің үйленгенімізге тура 3 жыл…