Қ.Мусин: Президент туыстары ауыл әкімі де бола алмайды
Бұдан былай Президенттің туыстары Премьер-министр, министр, облыс, аудан тіпті ауыл әкімі бола алмайды. Сондай-ақ, квазисекторлық қызметте де басшылық лауазымға орналасуына заңды түрде тыйым салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, тамыз айына дейін тиісті заң жобалары дайындалып, жыл соңына дейін қабылданады. Министрдің сөзінше, тиісті заң күшіне енгеннен…